avatar
Неге тек меню? мысалы бұл компонентті басқа көп жерде пайдалануға болады, мүмкіндіктер тек фантазиямен шектелген. Мысалы, сондай қолданылуларда егер ашылғанда көп мәлімет көрсетілетін болса, оларды тек қолданушы компонентті басқанда ғана серверден тартылатын етіп ашу өте пайдалы. Мен сізге көрсете алмаймын (коммерциялық құпия) біраұ біздің продукттің көп жерінде сондай нәрселер пайдаланылады.

avatar
Cіз жай керекті нәрселермен кездеспегенсіз. Бір жағынан ол да дұрыс, егер linux қажеттілігін сезінбесеңіз ол сізге қажет емес. Енді төменде кейбір ерекшеліктерді атайын:

>> «Бұл нәрселерді жұмыстағы серверлерді қолданып ақ үйреніп аласың.»
Сіз өзіңіз артықшылығын айтып отырсыз, windows-қа қашықтықтан қосылып администрировать етіп көріңіз, тек маған rdp, teamviewer айтып қажеті жоқ. Мысалы ssh-ға жететін нәрсе жоқ, linux-та gui арқылы жасалып консоль арқылы жасауға болмайтын нәрсені білмеймін, ssh арқылы қосыласыз және барлық билік сізде.

>>> «Бір медиа файлды сол күйі ойната алмай қойдым убунтуда»
Білмедім, мұндай проблеманы бұрын естімеппін.

>>> «Уорд, Икселдерді ашу да проблема, Либр Офистен дұрыс ашылмайды, уайн дегенің өз алдына бір әңгіме.» сіз тек windows жағынан қарап отырсыз, тек ексел, ворд одан басқа нәрсе жоқтай. Одан да latex, docbook, markdown деген нәрселерді де қарап көріңіз. Кейін libreoffice writer вордтың 90 пайыз мүмкіншіліктерін қамтитынына сенімдімін. Тек windows шеңберінен шығып қарап сараптап көру керек. libreoffice-дан ворд файлдарын ашуға емес, қайтаға онда өзінің форматымен документ жасауға әрекет жасап көру керек. Иә, бірақ көп жерде doc файлдар сұрайды, бірақ ол ТМД-да ғана, батыс елдерін қараңыз, оларда pdf формат, сізде linux па windows па айырмашылығы жоқ. Ал бізде windows-тың манополиясы орнаған.

Тағы бір артықлышығы bash/sh скрипттер. Менің ойымша Windows-тағы bat файлдардан әлдеқарай жақсы, және өзінің тұрақтанған спецификациясы бар. Өз талантыңызға ерік беріңіз ))

Негізі бұл 100 жылдан бері жалғасып келе жатқан пікірталас ). Кейн linux-ты пайдалану деген, оны орнатып алып тек сонымен жұмыс істеу деген емес, жарайды gui жағында windows тұра берсін, ssh арқылы беймерал ар жағында linux-пен жұмыс істей беріңіз.

avatar
Бәріміздің де бастан өткен іс. Linux солай сынап көреді )

avatar
Шынымды айтсам, білмейді екем, мен оны тек маған солай көрінеді деп ойлап жүрмін ғой )). Әр адамға өз комментін сары етіп көрсетеді деп ойлаппын, бәріне неге солай көрінетінін білмедім.

avatar
Тағы бір ой, біреуін ашқан кезде қалғандары жабылатын ету керек, сонда блок сыртына шығып кетпейді ;-)

avatar
Былай жасауға кеңес берем, шертілетін элементтер түсін өзгертіп, келесідей стиль падалану, сонда нені басу керектігі түсінікті болады:

li {
  padding-top: 5px;
  cursor:pointer;
}


Кейін, элементтерді ашқан кезде текст блоктан шығып кетіп жатыр (chrome):

overflow:scroll — пайдаланған дұрыс болар немесе тағы басқа нәрсе.

Менде қызық ой туып тұр. Осы құрал арқылы li-элементін басқан кезде, ашылатын жердегі материал ajax арқылы тартылатын етіп істеуге болады ма?

avatar
Редактор әлі өзінің тұрақты деңгейіне жетпеген. Мысалы, Sublime соңғы версиясы 2.0.2, Notepad++ 6.5.5, ал atom әлі 0.115.0. Сондықтан, редакторды өз қорқынышыңызға пайдаланасыз. Бірақ, өзім қарап көргендіктен, қазір де қорықпай пайдалануға болады.

avatar
> Алгоритмдегі цикл берілген массивтің ұзындығына пропорционалды өсе береді.
Қысқаша айтқанда алгоритмнің қиындығы: O(n2)

Сапалы жазба, жалғастырасыз деп үміттенемін.

avatar
Түсінікті, сұрақ-жауапта 4-5 аккаунт қосып алып, сұрақтарға жауап беріп отырам де =)

avatar
> Персоналды нәтиже
Қазір барлық гиганттар пайдаланушылардың жеке мәліметтерін анализ жасауға кірісіп кеткен. Мысалы, facebook-тың мына зерттеуі. Мен мұндай жағдайларға сәл күдіктене қарайм. Егер, сіз туралы статистика жинамауын қаласаңыз duckduckgo пайдалануға болады. Бірақ, онда да статистика жинамайтынына ешкім кепіл бола алмайды ))

avatar
Маған да сол қызық, практикалық пайдалану жағынан (немесе ерекшеліктері туралы) бір-бірімен салыстыру жүргізілсе мақала тағы да салмақты болар еді.

avatar
Әлі күтіп жүрміз )) /пікірдің уақытына назар аударыңыз/

avatar
Кітап болмаса да, бастап жатқандарға пайдалы материал болады деп үміттенемін. Әлі жұмыс көп, 4 бөлім бар, әрқайсысында 3-4 мақаладан. Ал ағылшыншада одан да көп )) орысшаға аударманың өзі толық бітпеген )

avatar
Мақалада кейбір орысша сөздер келесі түрде аударылды:
руководство — нұсқаулық
оболочка — қабықша
текущая папка — қазіргі папка
относительные пути — қатысты жолдар ("қазіргі папкаға қатысты" мағынасында)
домашняя директория пользователя — пайдаланушының жеке папкасы

Қателіктер мен бұл аудармалардан дұрыстау нұсқалар болса, ұсыныстар күтемін.

avatar
Менде сұрақ туындап тұр:
>>> «Мен іздеу сайттарында „Астана бокс қазақстан кубогы“ деп жазып іздесем, осы мақала бірінші болып атып шығады.»
сонда түсінгенім бойынша, google/яндекс сайтты индекстегенде, h1 — h6 тегтеріне ерекше мән береді ме?

Егер солай болса, google робот оны тақырып деп алынуы үшін, міндетті түрде осы тегтермен жазылуы керектігі мақалада айтылуы керек сияқты. Болмаса қазір стильдер арқылы кез-келген элементті тақырып секілді етіп қоюға болады :-)

avatar
«ол тілдің қолданыс аясы, ғылыми-зерттеу салаларындағы ресурсы жеткіліксіз болса, әрине белгілі бір кедергі пайда болуына себеп екені түсінікті» қазақ тілін кедергі пайда қылмайтын ету керек, ең басты мақсат осы

avatar
Бір мақалаға татитын комментарий жазыпсың ғой )). Келісемін, егер адамның өзінің ыңғайы болмаса, қанша бұрсаң да ол саланы меңгере алмайды, менің ойлап отқаным, қазақтың мектепте жүріп бұл саланың бар екенін де немесе бұл салада не жұмыс істейтінін білмейтіндер көп. Егер солар ең болмағанда мектеп кезінен осы саламен танысса бізден де таланттар табылып Стив Джобс пен Билл Гейтс секілді адамдар шыға ма деген ой ғой.

Мектеп жастары дейміз, шынын айтайын, үлкендердің өзінен көпшілігі «программист, тестер, проект менеджер, аналитик» деген сияқты мамандықтарды бір-бірінен ажырата бермейді. Олар үшін бұл салада істейтіндердің барлығы хакерлер :).

avatar
Менің CEO туралы ешқандай тәжірибем жоқ, бірақ сонда да мына жерде былай жазылып тұр:
Для определения языка страницы Google использует только видимое ее содержание. Никакая информация о языке на уровне кода, например атрибуты lang, не используется.

бұл жазылған бойынша Google-ны ешқандай html тегтердегі атрибуттар қызықтырмайтын сияқты, немесе мен бір нәрсені қате түсініп тұрмын ба?

avatar
Түсіністік үшін рахмет.

avatar
Кешіріңіз, мен өкпелеп жатқан жоқпын, кейін, бәріміз сайтқа жаңа келгендерміз, ешкім сайтта бірнеше жыл бойы отқан жоқ.

Жарайды, бір комментарий, және сіз барлық мақалаларыңызды сайттан алып тастадыңыз. Не үшін??? Қайтаға, өзіңіздің пікіріңізді комментарийлерде қорғамайсыз ба?

Кейн, қаншама видеороликтер? Ағылшынша комментарийлермен жаcалған видеороликтерді сіз жасаған деп шынымды айтсам мен ойлаған жоқпын. Youtube-дан қарап көріп едім солай да болып шықты, ол видеолар ccbott жасайтын компанияның арнайы оқытатын видеолары. Мен қараған видео мынау.

«кетші боспей» деп жазып менің жағамнан алған сияқты болдыңыз, менің сізбен бұлай сөз атысатын ойымда да жоқ еді. Кейн, мен бұл туралы сізге жеке хат жібергенмін, бұл нәрселер, комментарийлерде талқыланатын жайттар емес.

Артық кетсем кешірім өтінемін!