PHP дегеніміз не?

  • avatar
  • PHP / 28 желтоқсан 2013, 01:39
  • 8009
Егер PHP тілімен енді ғана танысып жатсаңыз, демек оның анықтамасын білу керек. Сонымен, PHP дегеніміз не?



PHP — тегін ұсынылатын уеб-бағдарламалау тілі.
Қысқасы, веб-бағдарламалар жасауға арналған, серверде орындалатын бағдарламалау тілі.
Тіл синтаксисі C, Java, Perl тілдерінен алынған. Қолданысқа оңай әрі жеңіл. Динамикалык генерацияланатын уеб-беттер жасауға ыңғайлылығының арқасында, өзіндік тиімді тұстары бар.
Негізгі тиімділігінің бірі, HTML құжатқа PHP кодтар орналаса алуында.
Тағы бір тиімді тұсы, ол JavaScript сияқты браузерде емес, серверде орындалады. Қолданушы оны көре алмайды, тек браузерден HTML түріндегі нәтижесін ғана көреді.
PHP арқылы, қысқа уақытта сапалы, жылдам жетіліп, болашақта қолдап отырғанға ыңғайлы уеб-бағдарлама (сайт) жасай аласыз.
PHPді үйрену жеңіл, кәсіби мамандарды қанағаттандыра алатын өнімділігімен өзін қызықтыра алады.
Бұл тіл туралы енді ғана естіп отырсаңыз да, қазірден бастап, қысқа уақытта үйреніп алуға толық мүмкіндігіңіз бар.
PHP үнемі жаңарып отырады. Соған қарағанда, уеб-жасақтау саласында ғұмырлы да нәтижелі бағдарламалау тілдер қатарының алдыңғы шебінен көрініп жүреді деген ойдамыз.

P.S.: Интернетте php туралы қазақша бастапқы мәлімет көп екен. Солардың бірін көшіріп қоя салуға да болар еді. Бірақ, бұл аудармалар сериясы ұзақ болатындықтан, материалды тұрақты ресурстан алып отыру шешімі қабылданды. Аударма барысында түрлі қателер немесе айтар ойларыңыз болуы мүмкін. Сондықтан, кез-келген ұсыныстарыңыз ескерілетін болады. Барлығымыздың мүддеміз бір — біліктілікті арттыру болса, екіншіден, қазақ тіліндегі АЖ саласына қатысты материалға аз да болса үлес қосу ғой. Сапа жағы да жоғары болғаны, әрине жақсы.
Құрметпен, Нұржол Табиғат
Аударма дереккөзі: www.php.su/
Нақты материал дереккөзі: www.php.su/php/?php

  • +2
7 пікір
onlasyn
Аударма дереккөзі: www.php.su/
Бұл справочник емес па? Справочникті толық аударайын деп жатсың ба?
pedagog
Еңбегің жансын бауырым, келесі жазбаңды күтем.
raimbek
Әлі күтіп жүрміз )) /пікірдің уақытына назар аударыңыз/
kamyrov
Мен болсам, баяғыдан (5 жыл бұрын) PHP-дан бейнесабақтарды жасай бастағанмын, оны жалғастырмай қойдым(

Қызық болса, мыне сілтеме: www.youtube.com/watch?v=KOMRzg_XbF0
anonym
Кішкене күтсек жарты жыл болады екен ))
vfvtnjd
уеб емес веб шыгар?
shainek
Жақында бір жыл болады екен)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.