Atom: Github ұсынған жаңа мәтіндік редактор
- raimbek
- Open source / 21 шілде 2014, 02:35
- 2292
Atom — Github командасы жасап жатқан жаңа мәтіндік редактор. Ол туралы жаңа ақпараттар және бета версия осы жылдың ақпан айынан бастап пайда болды. Редактор толық open source болып MIT лицензиясы бойынша таралады. Интерфейс жағынан Sublime-ға өте ұқсас бұл тағы бір редактор не үшін керек деген сұрақ туындайды. Сонда да редакторды жазушылардың алдына қойған мақсаттары басқаша. Олардың айтуы бойынша, мақсаттары: мектеп оқушысы да оңай жұмыс жасай алатын, сонымен бірге тәжірибелі мамандарға да көп мүмкіндіктер беретін редактор жасау.
Редактордың ерекше бір жағы, оның Chromium браузеріне негізделгендігінде. Яғни, ол жай ғана веб бағдарлама. Бірақ, локальді файлдармен жұмыс жасауға мүмкіндіктер қосылған. Node.js пайдаланатын программисттерге бұл редактордың қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Сонымен қатар, редактор кроссплатформалы.
Редакторды Mac жүйесінің пайдаланушылары еш қиындықсыз орната алады. Тек atom.io сайтына кіреміз және «Download For Mac» батырмасын басамыз, және әрі қарай стандартты процедуралар.
Windows жүйесіне орнату
Келесі қадамдарды орындаймыз:- Репозиторийдан виндовсқа арналған архивті жүктеп аламыз
- Архивті ашамыз
- atom.exe файлын ашамыз
- Жұмыс жасаймыз
Ubuntu
Өз басым тек Linux Mint 17 (Ubuntu 14.04) ке орнаттым, негізі 12.04-тен төмен емес версияны падалану ұсынылады.Интернетте басқа да жақсы адамдар бізге дейін пакеттерді дайындап, репозиторийға салып қойыпты. Сондықтан, орнату еш қиындық туғызбайды:
sudo add-apt-repository ppa:webupd8team/atom
sudo apt-get update
sudo apt-get install atom
Бірінші рет іске қосу
Редактор бірінші ашылғанда, "Қош келіпсіздер!" деген бет ашылады. Ол бетте atom өздігінен статистика үшін метрикалар жіберетіні туралы жазылған. Ол метриканы келесідей өшіруге болады:
Pakages -> Settings View -> Uninstall Packages және ішінен Metrics пакетін табамыз -> Disable батырмасын басамыз:
React Editor пайдалану
Редакторда Resct движогын пайдалануға болады. Айтулары бойынша, ол редактордың жұмысын жылдамдатуы керек. Бірақ, өз басым ешқандай өзгеріс байқамадым. Оны келесідей іске қосуға болады:Пакеттер орнату
Пакеттер (плагиндер) орнату өте оңай: Pakages -> Settings View -> Install Packages немесе Ctrl+Shift+P басамыз және іздеу қатарына Install Packages теріп керекті бетті ашамыз. Фильтрде қажет плагин атын жазып, install батырмасын басамыз:Сыртқы көрінісін өзгерту
Темаларды орнату тура пакеттерді орнатумен бірдей тек Packages деген сөзді Themes деген сөзбен ауыстырыңыз.Жалпы
Өз бақылауым бойынша редакторда кейбір кішігірім ақаулар бар. Мысалы, горизонталь скролл дұрыс пайда болмайды, сондықтан кейбір әріптер көрінбей қалады:Бірақ оның версиясы әлі 1-ге де жетпегендігін ұмытпаған жөн.
Маған ұнаған функциялары (бұл функциялар басқа редактораларда жоқ дегенім емес):
- Ctrl+Shift+P кез-келен команда орындау, арнайы жолдарды есте сақтаудың қажеті жоқ
- Linux-та командалық жолақта кез-келген папкаға барамыз, және atom командасын тереміз, редактор сол папка үшін ашылады
- Папкалар структурасы, Ctrl+\ батырмалары арқылы ашып-жабамыз, файлдарды редактордан шықпай жоюға, өзгертуге болады
- Оң жақ төменгі бұрышта git тармағы және өзгерістер көрсетіліп тұрады
-
+1