Telegram: Кодеодан MTProto Proxy Server

Телеграм мен Роскомнадзор арасындағы болып жатқан соғыс әр соғыстағыдай технологиялық ілгерілеуге алып келіп жатыр. Кеше ғана Телеграм бұғаттауларды айналып өтуге мүмкіндік беретін MTProto протоколына арнайы прокси сервер жасағанын жариялады. Мұның бізге қандай қызығы бар десек, Қазақстанда не үшін екенін ешкім білмейтін, ешкім дұрыстап та түсіндіріп бере алмайтын жағдай орын алып жатыр, яғни күніге кешке 21:00 — 22:00 арасында телеграм...


  • 0

Сонымен, 56 миллион теңге не үшін?

Әлеуметтік желілерде латынға конвертация жасайтын порталдың бағасы 56 миллион екен деген тақырып жаңғырып тұр. Осы жобаға қатысы бар ау деген адамдар бұл тек сайт емес ал бүкіл бір бағдарламалар комплексі деп шарқ ұрып жатыр. Кодео саясаттан, өсек-аяңнан арылған сайт ретінде өзімнің жүргізген экспериментім жайлы жазбақпын. Азын-аулақ мәлімет бойынша порталдың жүрегі конвертация жасайтын сервис болмақ. Логикаға салсақ қомақты қаржының көп...


  • +3

Айбек Қуатбаев: ІТ-мамандары заман талабына сай бейімделуі керек (сұхбат)

Бүгінгі сұхбатымыздың қонағы — жас кәсіпкер, «Бүгін Групп» компаниясының бас директоры, ІТ-маманы Айбек Қуатбаев. — Алғашқы сауалымызды қазақ математиктерінен кімдерді айтар едіңіз деп сұрасақ және бизнеске деген қызығушылығыңыз қай кезден басталды? — Асқар Жұмаділдаев ағаны исі қазақ біледі. І курста еліміздің жас ғалымы, математик Дөрбетхан Сұраған, жанында Болыс Сәбитбек деген жігіттер болды. Болыс қазір АҚШ-та оқып жатыр,...


  • +3

Tiyn - Блокчейндегі қазақ ақшасы

Мен былтыр биткоин туралы мақаланы жазғаннан кейін блокчейн және криптовалюта саласына тереңірек үңілдім. Неше түрлі қызық жобалар бар екен. Мысалыға: Sia — бұл платформада әр адам өзінің компьютеріндегі бос жатқан диск бөлімін басқаларға жалға бере алады. Жалға алушы файлдарын бұлтқа салғандай болады және осы қызмет үшін Siacoin токендерімен төлейді. Жалға берушілерге дискілерінің қолданылуына қарай осы Siacoin-дар төленеді....


  • 0

90-шы жылдары қалып қойған сайттар

Dial-up заманы өткелі қашан, бірақ кейбір интернет жәдігерлер сізді қайтадан 90-шы жылдарға алып барады. Біз мұнда 90-шы жылдары қалып қойған сайттар тізімін жинадық. The Amazing FishCam Алғаш пайда болған веб-камералардың бірі, әлі күнге дейін жұмыс істейді. Javascript тілін алғаш болып пайдалана бастаған сайттар қатарында. Жоба 1994 жылы бастау алған. Purple.com purple.com сайтынан да қарапайым дизайны бар сайт табу...


  • 0

Flexbox және Grid: 2017 жылда CSS-вёрсткамен танысу

Мақаладан нені үйренесіздер бұрындары CSS-разметкамен қалай жұмыс жасалды; ескірген әдістер мен заманауи стандарттар арасындағы айырмашылық; жаңа стандарттармен жұмысты қалай бастау керек (Flexbox және Grid); сізді бұл жаңа стандарттар неге қызықтыруы керек; Кіріспе 2012 не 2013 жылдары веб-бағдарламалаумен таныстым. Ақырындап бұл бағытты өздігімше үйрене бастадым. Тез арада CSS көп нәрсеге мағына беретінін түсіндім, бірақ...


  • +1

Жаппай https протоколына өту: Let's Encrypt арқылы ssl сертификат аламыз (тегін)

Осы жылдың қаңтарынан бастап Google http протоколымен жұмыс жасайтын сайттарды "қорғалмаған" деп атап, браузерде де тиісінше белгілейтінін айтқан болатын. Әрине, бұл күшпен https протоколына барлық сайттарды ауыстыру емес, әлде де ешкімді күшпен ауыстыру ниеттері жоқ. Дегенмен, бұл протоколға өту пайдаланушылар үшін де сайт иелері үшін де дұрыс қадам. Google компаниясының күштеуін алып тастағанның өзінде, https мәліметтерді қорғау...


  • +1

Firefox браузерінің 52-нұсқасы шықты: WebAssembly төмен деңгейлі бағдарламалау тілі іске қосылды

Mozilla компаниясы Firefox браузерінің 52-нұсқасын шығарды. Ең басты өзгеріс WebAssembly бағдарламалау тілін қолдауы. WebAssembly (wasm) — төмен деңгейлі бағдарламалау тілі, соңғы онжылдықтағы веб-платформалардағы ең басты инновация болуы мүмкін. Бұл көптен бері JavaScript-ке жетпей жүрген нәрсе. WebAssembly-ге қажеттілік не үшін туғанын түсіну үшін, JavaScript тарихын білу жеткілікті. JavaScript алғашында қарапайым скрипттер...


  • +1

жастық шақ және интернет

Мақала осындағы программистер мен оқырмандарға шабыт берсін деп, автордың рұхсатынсыз болса да, келу қайнарын ескертіп осында алып келдім. (Мақаладағы кей сөздерге түсінік: тор, торап -> интернет. Торхана, Торапхана -> интернтклуб.) — мен тұңғыш рет 2004-жылы Javascript тілі арқылы әріп сәйкестіргішті алғаш рет жасап шыққанымда алақайлап қуандым. Кішкентәй программаны басқаларға еліктеп жасағаныма емес, крилше жазуындағы...


  • +3

Қазақтар - верстканы сараптайды

Салам жігіттер Бүгін бізде түскі асқа дизайн болмақ. Естідіңдер ме design eye деген терминді. Кейбір вакансияларда осы сөз кейде көздеседі. Оның мәні сенде дизайнердің талғамы болу керек, яғни оның көзімен қарауды үйрену. Мысалы жақсы дизайн мен жаман дизайнды ажырату үшін. Немесе сол мамандықты толықтай игеру мақсатымен. Ешкімді ойландырмады ма? Неге дизайн продакшенға кетпейді. Егер ол еңбектің соңғы нәтижесі — продакшенға кеткен...


  • +4