JavaScript

33 оқырман, 13 жазба
+3.44

JavaScript туралы

Жасалған уақыты
23 желтоқсан 2013
Жазба
13
Жазылған адам саны
33
Рейтингі
3.44
Администраторлар (1):
avatar @yerbol89

Модераторлар (0):
Модераторлар бұл жерде көрінбейді

Шұғыл жаңалықтар. Digitalocean Қазақстанда істемейді(25 Қарашаға дейін).

Бір апта бұрын digitaloceanға кірейін деп, кіре алмай қалғанмын. Сосын маңызды болмаған соң мән бермей жүре бердім. Бірақ блогымның хостингін төлеу үшін кіруге тұра келіп тұрған соң, шұқылай бастадым.Консольді аштым, түк түсінбедім де, паниковать етіп, поддержкаға жаздым. Олар енді белгілі басқа браузерда аш деген хат жіберді. Айтқанындай Firefox та ашсам, ашылмайды. Сотка арқылы кірсем де, сайттың бір де бір тэгін көре алмадым. Сөйтіп не...


  • +1

Redux жайлы қазақ тілінде бірінші мақала

Бұл мақала тек javascript тілін орташа деңгейде меңгерген оқырмандарға ғана арналған. Егер React жайлы білсең, онда Redux жайлы естіген шығарсың. React-та ешқандай модель, шаблон, контроллер деп ажырататын концепт жоқ. Ол тек компонентті принцип бойынша жұмыс істейді. Бүкіл код html, css, js бір файлда сақталады, оның ішінде модель де бар. Мұндай концепттің артықшылығы Reactқа DOM-мен тез жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кемшілігі қиын...


  • +5

AngularJS-пен бейнежаттығу 2 - сервис, директива және фильтр жасау

Сәлем, Кодеолықтар! Мен сіздерге AngularJS-пен жаттығудың екінші бейнеклипін ұсынғым келіп отыр. Бұл жолы мен блог-платформаны мысалға ала отырып, қалай өзіме керекті жаңа сервис, директива және фильтрді жасауға болатынын көрсетемін. Видеоның ұзындығы бірінші видеоға қарағанда екі есе қысқа, бірақ пайдасы кем емес деп ойлаймын. Әдеттегідей сіздерге бұл жаттығумен қызықты уақыт өткізуді тілеймін және пікірлеріңізді күтемін!


  • +5

BackboneJS-пен жаттығу - автобустар уақытын бақылау

Өткен жолы domalak AngularJS-пен бейнежаттығуын жариялап еді. Бағдарлама өте қарапайым және AngularJS негізгі мүмкіндіктерін көруге мүмкіндік береді. Ал мен бұл жолы дәл сол бағдарламаны BackboneJS фреймворкы арқылы жасап көрдім. Мұндағы мақсат кім мықты деу немесе фреймворктарды салыстыру емес, жай екі фреймворкта мәселенің қалай шешілетінін қарастыру. Бағдарламаның дайын нұсқасын мына жерден қарауға болады. BackboneJS ол...


  • +4

AngularJS-пен бейнежаттығу - Автобустар уақытын бақылау

Сәлем, оқырмандар! Мен сіздерге AngularJS және Bootstrap-ты қолданып, шағын веб бағдарлама жасау туралы бейнематериал ұсынғым келіп отыр. Бейнеклиптің ұзындығы ойлаған уақыттан көбірек болып шықты, бірақ ішінде артық ештеңе жоқ сияқты. Бұл жаттығумен қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуді тілеймін! Және де пікірлеріңізді күтемін.


  • +4

Муәлік - біраз қуайық (ұран)

Осы жерде PR тақырыптар жариялауға бола ма білмедім, қайтсе де, айып етпеңіздер, көрейін. Мен Javascript-пен сайт жасауды үйрену барысында бір нағыз қазақша бірдеңе жасайыншы деп ойладым. Яғни сайт таза қазақ тілінде болу керегі шарт. Ары ойлап, бері ойлап, әзілге арналған сайт жасауды ұйғардым. "Әзіл", "қазақша мемдер" деген сияқты сөздермен гуглдетіп көрдім, аса ештеңе табылмады. Мүмкін оқырмандар білсе,...


  • +2

Javascript үстемдігі

Javascript тілінің қазіргі мүмкіншіліктері көп. Вебсайт жасау, смартфонға арналған бағдарламалар шығару, 3D ойындар жазу, тіпті микроконтроллерді басқару оның қолынан келеді. Компьютерлік ғылым жағынан қарағанда қарапайым және кемшіліктері көп JS қалайша Қайрат Нұртас сияқты танымал болып кетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін тарихқа жүгінейік. Javascript-ті 1995 жылы Netscape компаниясының қызметкері Брендан Айк жасап шығарды....


  • +7

Жаңа жылдық пост немесе Google Chrome-ға қосымша жазамыз

Апамыз мінген поезд Астанаға келуіне екі сағат қалды, тез-тез пост жазып тастайық Гугл хромға қосымша жазу қаншалық оңай екенін білесіз бе? JavaScript білсеңіз, гуглдың нұсқаулықтарын оқып шығып бір күнде жасауға болады. Ал мен рекорд орнаттым, 10 минуттың ішінде қосымша жаздым :). Ал енді бұл жер өтірік болып кетті, шынына келгенде мен басқа бір қосымшаны алдым да аз уақытта бір екі қатарды өзгертіп қана қойдым. Codeo-да бір жаңа жылға...


  • +2

JavaScript / jQuery Update көмегімен AdBlock қосымшасын анықтау

Сайтыңызға кірген адамдар AdBlock қосымшасын өшіріп қойғанын қалайсыз ба? Ендеше, осы плагинді пайдаланыңыз. Бұл пост осының алдындағы жазбаның дамытылған нұсқасы. HTML <div class="adsense"> <!-- AdSense коды осы жерде! --> </div> jQuery $(document).ready(function(){ setTimeout("checkAds();", 1000); }); function checkAds() { if...


  • +4

Статистика агенттігінің сайтынан Javascript арқылы танымал есімдер тізімін аламыз

Бұл түн де жұлдызы мол, тып-тыныш қоңыр салқын түн болатын… © G.H.A.D — Түн Астана уақыты бойынша сағат түнгі екі жарым. Мен КЕНЕТ шабыттанып кетіп, мына постты жазуды бастап кеттім. Алғы сөз. Осындан бірнеше ай бұрын, Статистика агенттігінің сайтынан, «танымал есімдер» атты қызық парақшаны көріп қалдым. Ол жерде 1934 жылдан бері, қай жылы, қай айда, қандай есімдер танымал болғанын көрсетіп береді екен. Бұны көре сала, мен...


  • +6