avatar
Бұл әдіс жұмыс жасамайды-ау деп қоям. Adblock қосылып тұрған беттің кодын қарап көрдім, бірақ онда
<div class="adsense">

деген блок атымен жоқ

avatar
Chrome мен firefox-қа adblock қосымшаларын өшіретін қосымша жазсайш ))

avatar
Иә, негізі көптеген жақсы сайттарда adblock өшіріп тастауға болады.
Негізі мұндай қосымшалардың пайда болуы, сайттардың этикетіне байланысты болды деп ойлаймын )). Мысалы, adblock-сыз

adblock-пен

Қайсысы жақсы? әрине екіншісі, біріншісі шамадан тыс реклама, қайсысына қарайтыныңды да білмейсің, егер осындай сайттар пайдаланушыны ойлап жарнаманы білінбейтін етіп, бірақ әдемілеп тұрып сайт дизайнына үйлестіріп жіберсе, ешқандай критика болмайтын еді. Кейін, мағыналы рекламалар қою керек, бірнәрселердің өлшемдері туралы зарламай ;).

avatar
Менің айтайын дегенім, біздің елде windows-тың өзі дұрыстап, профессионалдық деңгейде енген жоқ деп есептеймін. Қауіпсіздік туралы проблемалар негізі ОЖ-ға байланысты емес, білместіктен (түсінбеуден) пайда болады. Windows-ты мемлекеттік органдарда көріп жүрміз, бір троян(шпион) орнатып кетсең де ешкім білмейді.

Әрине желінің оқшауланғаны сәл де болса жағдайды құтқарады. Негізі linux-ты мектеп мен университетке ендіруге екі қолымды көтерем, арзан, microsoft монополиясынан құтқарады және кейін мемлекеттік деңгейде ауысуға жағдай жасайды. Ал қазір бірден ауыстыру ол жардан секірумен тең))

avatar
Сен таң қалатын шығарсыз, бірақ, мен бұл пікірмен онша келіспеймін )

avatar
біз мейлі, бірақ бұл жағдай мемлекет деңгейіндегі ақпараттық қауіпсіздік сұрақтарына көп сұрақтар туғызады…

avatar
Пропорциялар пайдалы мәлімет екен. Оған ерекше рақмет.

Cайттың кейбір графикалық элементі бірүсті: олар көбіне .svg форматындағы иконкалар.
Осы сөйлемді онша түсінбедім. svg менің білуімше, векторлық графикалы суреттер үшін пайдаланылады, егер иконка бірқалыпты түсті болса, оған не үшін svg пайдаланылады.

Әрине, көрскемдік жағынан растрлы суретке орын беруі мүмкін
Мұнымен келісе алмаймын. Өйткені жоғарыда айтқанымдай, svg веткорлық графикалы, ал векторлық графикалы суреттер кез-келген өлшемде растрліктен сапалы болады. Олардың сапалары бірдей болуы мүмкін, бірақ растрлік векторлықтар сапалы бола алады деп ойламаймын.

Әр түрлі өлшемді экрандардан басқа, біз браузер терезесінің өлшемін жеке өзгерте аламыз ғой, ол кезде блоктар қалай әрекет етеді?

avatar
Қалай салып жатқаның туралы gif-ка немесе видео жасап жіберсең өдіп кетежі екен )

avatar
Django негізі өте күрделі сайттар жасауға жақсы, егер сайт өте қарапайым болса flask қарап көруге болады (бұл жай ұсыныс).

MongoDB NoSQL база, қателеспесем ол өте көп мәліметтер бар болса тиімді, және онда кәдімгі sql-дегідей жұмыс жасай алмайсың, ал мәліметтер аз болса, мысалы 100000 қатар, онда кәдімгі базалардан артықшылығы жоқ. Осы жақтарын қарастырып таңдаған болсаң болды ғой, амигос ). Негізі NoSQL-мен жұмыс жасаған болсаң, сол туралы мақала жазып жіберсең болады, қазір соларды қолдану мода болып жатыр негізі.

avatar
комментті өңдегеннен соң қайта жазам онда ))

avatar
isleaked.com/ сайтынан өз почталарыңызды қарап көре аласыздар, онда парольдер көрсетлмейді, бірақ почтаңыз базада бар н/се жоқ екенін тексеруге болады. Егер бар болса жылдам пароль ауыстырыңыз.

Негізі, yandex-тің жауабына сенуге болады, база вирустар арқылы және фишинг арқылы жиналған болуы әбден мүмкін, негізі мен солай да шығар деп ойлаймын. Осындағы пайдаланушылардың бірде-біреуінің почтасы мен паролі бар ма сол базада?

avatar
Таңдалынған технологиялар жақсы, қазіргі кезде кең таралған технологиялар, бірақ DjangoCMS пен MongoDB-ға қатты қажеттілік көріп тұрған жоқпын, не үшін олар таңдалғанын айта аласың ба?

avatar
Бұдан кейінге кеңес, мақалаларды тексттік файл ретінде локальда сақта (осындай жағдай болмауы үшін), оны git-ке репо ашып, github н/се bitbucket-ке салып қой (Abylai_adil -дің күнін кешпеу үшін ;) ), сонда бәрі жақсы болады ))

avatar
Түсінікті )) Жоқ, қосуға болмайды. Қосатын болсаңыз пайдаланушылар туралы қосымша (кастомный) мәліметтер сақтай алмай қаласыз. wp_users ол жүйелік мәліметтер (логин, пароль т.б.) ал wp_usermeta әр түрлі қосымша мәліметтер. Оны плагиндер де қоса алады, ең бастысы керек болғанша бағандар қосуға болады. Мысалыға, вордпресске плагин жаздыңыз дейік, сәйкесінше пайдаланушы плагинді өшіріп қоса алуы керек болсын (әр пайдаланушы, яғни, бір пайдаланушы өшіріп қоюы мүмкін, екінші қосып қоюы мүмкін). Сонда сіз әр пайдаланушыға, өз плагиніңіз үшін meta_key мен meta_value қосып қоя аласыз, және ол кесте структурасын өзгертпейді. Ал ол users кестесінде болса, білмейм оны қалай жасауға болатынын, users кестесінің структурасын өзгерту керек болып қалады.

Жалпылама айтқанда users кестесінде бір пайдаланушы үшін бір ғана жазба, ал usermeta кестесінде бір пайдаланушыға көптеген жазбалар болуы мүмкін.

«сериалайздап па, жейсонмен кодтап па әлде үтір арқылы ма, соны сұраған едім негізі» бұл жағын білмеймін енді, wordpress кодын қарау керек ол үшін.

avatar
Пайдаланушылар туралы мәліметтер ))
«Each user features information called the meta data and it is stored in wp_usermeta.»
Яғни, бұл баған (meta_value) «meta_key» бағанымен сәйкестікте жұмыс жасайды, онда пайдаланушы туралы кез-келген мәліметтер (аты, фамилия...) және қосымша баптаулар (comment_shortcuts) сақталады.

avatar
4,294,967,295 (2^32 – 1)

Негізі longtext mysql мәтіндік типі, mysql документациясынан: "LONGTEXT [CHARACTER SET charset_name] [COLLATE collation_name]. A TEXT column with a maximum length of 4,294,967,295 or 4GB (2^32 – 1) characters."

avatar
Иә, керек емес нәрселер көп, бірақ ештеңеге жағаласпайды, тұра берсе де ештеңе етпейд, негізі оларды Chef-тан алып тастауға болады. Сонда виртуалка құрылған кезде бағдарламалар орнатылмайды.

avatar
Сұрақты онша түсінбедім. Сізді код жағы (php функциялар) немесе gui яғни плагиндер жағы (қосымша бағандар) қызықтырып тұр ма?

Кейін назар аударыңыз, бұл аударма (бірінші абзацта жазылған), сондықтан, кей сұрақтарға нақты жауап бере алмауым мүмкін ))

avatar

avatar
«алгебраическое выражение → алгебралық формула», осыдан соң ғой