Қалай тақырыпты дұрыс қоюға болады? SEO-да тақырып қою маңыздылығы.

Қағаз журнал мен интернеттегі журналға тақырып қою екі басқа екендігіне жақсы бір мысал келтіре отырсам. Алдымен қысқаша түсінік бере кетейін.
Топжарған сайтына жігіттер спорт жаңалықтарын, жазбаларын жіберіп жатыр. Қарап отырсам тақырып қою өзгеше, журнал ашып отырғандай күйде боласың. Түсінікті жағдай. Журнал, ия келісуге болады интрига, тақырыпты ашу үшін үлкен әріппен, мақал-мәтел, нақыл сөздер қосып тақырыпты жазып жатады. Журнал оқитын адам, журналды қолына алған соң мән беріп журналды бастан аяқ, айдарлары бойынша сүзгілеп оқып шығады. Бірақ журнал сайт емес, арасы жер мен көктей. Сайтыңызға да тура сол тақырыпты көшіріп қоя салсаңыздар, жазба өз оқырманына немесе сол жазбаны іздеген адамға жетпей қалып жатады. Сондықтан сайтыңызға жариялағанда тақырыпты дұрыс қоя білсек ниет.
Жазба тақырыбы ары кетті 65-90 символдан асырмай, кілттік сөздерді қолданып қойсаңыздар игі іс болады. Осы әрекет арқылы сіздер болашақта ақпарат іздеген іні-қарындастарыңызға үлкен сауапты іс жасайсыздар.
Қарайпым мысал:
Суретке қарайтын болсаңыздар: «Биыл кімнің бағы жанар екен?!» деп тақырып қойылған. Журналға жариялайтын болсақ, айдары бойынша тақырып дұрыс шығар. Бірақ сайтыңыздағы журналға осылай жариялайтын болсаңыздар мақала өз оқырмандарына жетпей қалуы ғажап емес. Оны мен өзгертіп «Астанада бокстан 2014 жылғы Қазақстан кубогының жеребесі тартылды» деп жарияладым.
seo, тақырып, тақырып қою, журналист
Қазақстан кубогы туралы ақпаратты ешқандай адам "Биыл кімнің бағы жанады" деп іздемейді, оған 100 пайыз мен кепілдік беремін. Ал тақырыпты "Астанада бокстан 2014 жылғы Қазақстан кубогының жеребесі тартылды" деп қойған кезде арасында кілттік сөздер кездесіп тұр, тақырыптың не туралы екендігін оқып отырмыз. Мен іздеу сайттарында "Астана бокс қазақстан кубогы" деп жазып іздесем, осы мақала бірінші болып атып шығады. Себебі менің сұранысыма ең релевантты жауап осы мақала. Оны іздеу сайттары да оңай түсінеді. Тиісінше қиналмай мен өзіме қажетті ақпаратты жылдам тауып алдым. Құда да риза, құдағи да риза.
Тақырыпты дұрыс қоя білейік.

p.s. Алдағы уақытта шағын, қысқаша нұсқаулықтарды жазуды жиілететін боламын.

  • +2
3 пікір
nurzhol
Бұл тек бастамасы болсын. Айтарың көп, амиго. Жалғасын күтемін. Әлі де жан-жақты зерттелуі керек тақырып.

З, Ы,: Осындай пост үшін, рақмет!
raimbek
Менде сұрақ туындап тұр:
>>> «Мен іздеу сайттарында „Астана бокс қазақстан кубогы“ деп жазып іздесем, осы мақала бірінші болып атып шығады.»
сонда түсінгенім бойынша, google/яндекс сайтты индекстегенде, h1 — h6 тегтеріне ерекше мән береді ме?

Егер солай болса, google робот оны тақырып деп алынуы үшін, міндетті түрде осы тегтермен жазылуы керектігі мақалада айтылуы керек сияқты. Болмаса қазір стильдер арқылы кез-келген элементті тақырып секілді етіп қоюға болады :-)
yerbol89
Ия индексте h1 — h6 тегтеріне мән береді. Себебі ол тегтердің басқа тегтерге қарағанда релеванттылығы маңызды. Бұл жерде релевантты деп отырғаным маңыздылығы. Ал h1 — h6 тегтеріне келетін болсақ бұлардың ішінде де ары қарай маңыздылығына қарай бөлінеді. Бір бетте бір ғана h1 тегінен артық тег болмауы керек. Поисковик боттары тақырыптың қайсы екенін ұғуы үшін, ал h2 тегі біп бетте 3-4 болса жарай береді.
h1 тегі болғанымен жалғыз ол фактор рөл атқармайды, оған тағы title тегін апарып қосамыз. Яғни title мен h1 дегі тақырып бірдей болсақ салмағы жоғарлайды.
Браузер негізінен тақырыпты title -дан оқиды. Бірақ ол роботтың көзіне шұқып тұрып шынымен де тақырып осы деп көрсету үшін h1 қосымша болмақ.
Өз тәжрибеме сүйенетін болсам мынадай қызықты байқағанмын: Wordpress шаблондарында көбіне тақырыпты h2 беріп жатады. Оны мен шаблонда h1-ге өзгерткенімде үлкен айырмашылық берді. Ақпарат іздей келе h2-ге қарағанда h1 салмағы жоғары екен.
Болмаса қазір стильдер арқылы кез-келген элементті тақырып секілді етіп қоюға болады
Cascading Style Sheets арқылы ұқсатып қойып жатады. Қайта сол h1 тегіне беріп css қолданған жөн :)
Мұндай факторлар өте көп, қазір ойлап отырмын. Әр тақырыпты жеке-жеке қозғап, мысалмен жазып көрсетуге тырысамын. ЧПУ, link, croslink, related т.б. жеке-жеке тоқталып шығамын. Әзірге қызық болса мына ақпаратты ұсына аламын. www.bing.com/webmaster/help/webmaster-guidelines-30fba23a
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.