Open source

21 оқырман, 9 жазба
0.00

Open source туралы

Жасалған уақыты
23 желтоқсан 2013
Жазба
9
Жазылған адам саны
21
Рейтингі
0.00
Администраторлар (1):
avatar @yerbol89

Модераторлар (0):
Модераторлар бұл жерде көрінбейді

Microsoft Office бағдарламаларынан LibreOffice бағдарламаларына өту Италия әскерилеріне 29 млн еуро үнемдеуге мүмкіндік береді

Италияның қорғаныс министрлігі ақылы бағдарламаларды open-source бағдарламаларға ауыстыратындығы туралы хабарлады . Негізінен, Microsoft Office-ні тегін LibreOffice-ге ауыстыру туралы айтылып жатыр. Әскерилердің айтуынша мұндай әрекет 29 млн еуро үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, армияда құжаттардың жаңа ODF (Open Document Format) форматы қабылданады. «Microsoft Office бағдарламаларының лицензия мерзімі аяқталуға...


  • +1

Linux жүйесін кім жазады?

Linux Foundation “Who Writes Linux” (“Linux Kernel Development”) деп аталатын есептің жаңа нұсқасын жариялады. Демек дүние жүзінде ең кең таралған тегін жүйенің қалай жазылып жатқаны туралы статистикалар алуға болады. Алдыңғы есеп тек 2013 жылдың қыркүйек айында шыққан болатын. Қазіргі есеп linux ядросының 3.11 және 3.13 нұсқаларын қамтиды. Статистикадағы ең қызық жайт, ең көп өзгертулер ерікті бағдарламалаушылар тарапынан...


  • +2

LibreOffice 4.4 - революция

LibreOffice — ашық кодты, тегін офис пакеті. Ол негізінен Linux пайдаланушылары арасында кең тараған. Бірақ Windows және MacOS жүйесінде де қолдануға болады. Онда барлық дерлік қажетті пакеттер бар: мәтіндік редактор, электронды кесте, презентация және т.б. Ондағы негізгі қиыншылық құжаттарды Microsoft Office форматына ауыстыру болатын. Бірақ 4,4 нұсқасының шығуымен бұл жағдай айтарлықтай өзгерді. Әрине, жақсы жағына қарай....


  • +4

Autodesk MeshMixer енді Linux платформасында да қолжетімді

Autodesk компаниясы MeshMixer бағдарламасының Linux нұсқасын тарата бастады. Бұл бағларлама 3D-модельдермен жұмыс істеуге арналған және Autodesk 123D жинағына кіреді. Атап айтқанда MeshMixer 3D-модельдерді импорттауға, көруге, өңдеуге және 3D модельдерді қосуға, оларды 3D басып шығаруға дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарлама қазіргі кезде толығымен тегін таратылады және Ubuntu 14.014 64-разрядты жүйе үшін қолжетімді.


  • +2

Microsoft .NET және Mono жобалары кодтарының бірігуі басталды

Mono жобасының сайтында Microsoft .NET жобасының кодымен бірігу басталды деген жаңалық пайда болды. Microsoft .NET жақында MIT лицензиясы бойынша ашық деп жарияланғаны естеріңізде болса керек. Қазірдің өзінде Mono жобасына .NET стандартты кітапханасының көпшілік бөлігі өткізілген. Болашақта екі жобаның кодарын толық синхронизациялау жобаланып жатыр. Атап айтқанды келесі атаулар кеңістігі өткізілген: System.Collections...


  • +5

Ubuntu Phone орнатылған ең алғашқы телефон сатуға шықты

Құрметті достар, сіздермен осы бір қуанышты жаңалықпен бөліспей тұра алмадым. Бүгін Ubuntu Phone орнатылған телефондар алғаш рет сатуға шықты. Бұл Open Source әлеміне өте жағымды жаңалықтардың бірі екендігі сөзсіз. Енді бұл жаңа телефон туралы қысқаша жазып кетсем. Бұл алғашқы телефонды испандық BQ компаниясы шығарды, оның аты Aquaris E4.5 Ubuntu Edition. Телефонның характеристикалары қарапайым және бағасы да соған лайық — €169.90...


  • +3

Paperwork: атақты Evernote бағдарламасының бәсекелесі

Естеліктерді жазу және сақтауға арналған, кең таралған Evernote веб-сервиісінің жақында open source бәсекелесі пайда болады. Ол — Paperwork. Бағдарлама Open Source екеніне байланысты кез-келген адам оны өз серверінде іске қосып, локальді немесе интернеттен қолжетімді болатын сервис аша алады. Paperwork Laravel 4 фреймворкында жазылған. Ал фронтендте AngularJS & Bootstrap 3 пайдаланылған. Бағдарламаның демонстрациялық нұсқасын...


  • +1

Atom: Github ұсынған жаңа мәтіндік редактор

Atom — Github командасы жасап жатқан жаңа мәтіндік редактор. Ол туралы жаңа ақпараттар және бета версия осы жылдың ақпан айынан бастап пайда болды. Редактор толық open source болып MIT лицензиясы бойынша таралады. Интерфейс жағынан Sublime-ға өте ұқсас бұл тағы бір редактор не үшін керек деген сұрақ туындайды. Сонда да редакторды жазушылардың алдына қойған мақсаттары басқаша. Олардың айтуы бойынша, мақсаттары: мектеп оқушысы да оңай...


  • +1

Қазақ тілін қолдайтын OS CMS жүйелер

Open Source CMS — тегін таратылатын мәлімет басқару жүйелері екені бәрімізге белгілі. Осы постта солардың арасынан, қазақ тілін қолдайтын жүйелерді тізіп шығамыз. Постта тек қана әзірге қол жетімді ақпарат қана ұсынылады. Аударма файлдары 100 пайызға аударылмай, негізгі жерлері ғана аударылған тілдік файлдар бар. Бұларды жетілдіру, сіз бен біздің біріге атқарар жұмысымыз деп білеміз. Дамыған мемлекеттердің технологиясы неліктен жылдам...


  • +1