Linux операциялық жүйесімен қаншалықты таныссыз?

Linux — ашық кодты, тегін операциялық жүйе. Көпшілік оны, қиын жүйе, жәй адамдар (IT мамандар емес) күнделікті пайдалана алмайды, пайдалану үшін 100 жыл оқу керек деп ойлайды. Codeo пайдаланушылар арасында линуксойдтар қаншалық көп екенін қарап көретін уақыт келді )).

Сауалнама автордың жеке қызығушылығына арналған болып, ешқандай саяси, экономикалық мақсаттарды көздемейді. Егер сіз қалаған вариант жоқ болса, өтінеміз, комментарийде жазып кетіңіз.

  • +1
6 пікір
SaboniS
1 рет орнатып, қатқыл дискімдегі барлық файлдарды жоюға мәжбүр болғанмын, одан кейін ұнамай қалды.
raimbek
Бәріміздің де бастан өткен іс. Linux солай сынап көреді )
anonym
«Естігенмін, бірақ қолданбағанмын» деген нұсқа жоқ екен.
Білмим, Линукс қандай артықшылығы бар??
Убунту қолдандым жарты жылдай, ешқандай артықшылығын байқамадым. Тек монтирование, хост, консолдың бірнеше командасы үйрендім демесең. Бұл нәрселерді жұмыстағы серверлерді қолданып ақ үйреніп аласың. Иә, көп пакеттерді орнату оңай, гет-инстолл өз қызметін жақсы атқарады, бірақ уиндоуста да бұл жөнінен ешқандай проблема жоқ.
Бір медиа файлды сол күйі ойната алмай қойдым убунтуда. Андан іздедім, мұндан іздедім қалай ойнату керек екенін таппадым. Уорд, Икселдерді ашу да проблема, Либр Офистен дұрыс ашылмайды, уайн дегенің өз алдына бір әңгіме.
Сонда Юникс ОЖүйелерін қандай артықшылығы үшін қолданасыңдар??
raimbek
Cіз жай керекті нәрселермен кездеспегенсіз. Бір жағынан ол да дұрыс, егер linux қажеттілігін сезінбесеңіз ол сізге қажет емес. Енді төменде кейбір ерекшеліктерді атайын:

>> «Бұл нәрселерді жұмыстағы серверлерді қолданып ақ үйреніп аласың.»
Сіз өзіңіз артықшылығын айтып отырсыз, windows-қа қашықтықтан қосылып администрировать етіп көріңіз, тек маған rdp, teamviewer айтып қажеті жоқ. Мысалы ssh-ға жететін нәрсе жоқ, linux-та gui арқылы жасалып консоль арқылы жасауға болмайтын нәрсені білмеймін, ssh арқылы қосыласыз және барлық билік сізде.

>>> «Бір медиа файлды сол күйі ойната алмай қойдым убунтуда»
Білмедім, мұндай проблеманы бұрын естімеппін.

>>> «Уорд, Икселдерді ашу да проблема, Либр Офистен дұрыс ашылмайды, уайн дегенің өз алдына бір әңгіме.» сіз тек windows жағынан қарап отырсыз, тек ексел, ворд одан басқа нәрсе жоқтай. Одан да latex, docbook, markdown деген нәрселерді де қарап көріңіз. Кейін libreoffice writer вордтың 90 пайыз мүмкіншіліктерін қамтитынына сенімдімін. Тек windows шеңберінен шығып қарап сараптап көру керек. libreoffice-дан ворд файлдарын ашуға емес, қайтаға онда өзінің форматымен документ жасауға әрекет жасап көру керек. Иә, бірақ көп жерде doc файлдар сұрайды, бірақ ол ТМД-да ғана, батыс елдерін қараңыз, оларда pdf формат, сізде linux па windows па айырмашылығы жоқ. Ал бізде windows-тың манополиясы орнаған.

Тағы бір артықлышығы bash/sh скрипттер. Менің ойымша Windows-тағы bat файлдардан әлдеқарай жақсы, және өзінің тұрақтанған спецификациясы бар. Өз талантыңызға ерік беріңіз ))

Негізі бұл 100 жылдан бері жалғасып келе жатқан пікірталас ). Кейн linux-ты пайдалану деген, оны орнатып алып тек сонымен жұмыс істеу деген емес, жарайды gui жағында windows тұра берсін, ssh арқылы беймерал ар жағында linux-пен жұмыс істей беріңіз.
anonym
Сіз өзіңіз артықшылығын айтып отырсыз, windows-қа қашықтықтан қосылып администрировать етіп көріңіз, тек маған rdp, teamviewer айтып қажеті жоқ. Мысалы ssh-ға жететін нәрсе жоқ, linux-та gui арқылы жасалып консоль арқылы жасауға болмайтын нәрсені білмеймін, ssh арқылы қосыласыз және барлық билік сізде.
Мен ОЖ-нің серверлік қызметін емес клиенттік қызметін айтып отырмын. Үйдегі компқа ссч-пен ешқашан қосылмайсың ғой, ал сервердің әңгімесі басқа.

Одан да latex, docbook, markdown деген нәрселерді де қарап көріңіз.
)), Уордтың өзін зорға меңгеріп отырған адамдар.
П.С: Қолданып жүріп бәлкім өзім артықшылығын байқармын, сонда жазам ғой ))
raimbek
Мен ОЖ-нің серверлік қызметін емес клиенттік қызметін айтып отырмын. Үйдегі компқа ссч-пен ешқашан қосылмайсың ғой, ал сервердің әңгімесі басқа.
Иә, келісем, клиент жағында windows ыңғайлы, драйверлер, өте көп бағдарламалар т.б. Ол оның ең басты артықшылығы, ал сервер үшін linux қой ;-)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.