Сканерге ұсынылатын қазақ тілі (сайт үшін)
Өткенде сайттың жасалу технологиясын қалай анықтау керектігі жазылған болатын.
Байқаған боларсыздар, ол сервистерде сайт туралы ұсынылған ақпаратта, сайт қазақ тілі бола тұра, көбіне орыс тілді деп көрсетіп жатады. Бұдан басқа, гугл, яндекс сияқты веб саладағы қызметтердің роботтары да анализ, статистикаға осы ақпаратты пайдаланатыны сөзсіз ғой.
ҚазНеттегі қолданушысы көп сайттардың бірі, сұрақ-жауап және массагет сайттарын тексеріп көрсеңіз, екеуінде де қазақ тілі көрсетілмеген екен.
Бұны шешудің әзірге мынадай жолдары ұсынылады:
HTML код үшін, head тегтерінің ортасына:
және
(source) кодтары қойылады. PHP код үшін,
(source)
Бұдан басқа да методтары болса, пікірге жаза кетерсіздер. Назарларыңызға рақмет.
P.S.: Әркім өз сайтындағы осы кодтардың барына назар аударса екен деген ұсыныс бар.

Google Analytics жүйесіндегі статистикада (қолда бар 4-5 таза қазақ тілді сайттар үшін) сайтты қолданатындардың 98% ru (russian) тілділер деп көрсетіп тұр. Әрине, таза қазақ тілді сайтта орыстар не ғып жүруі мүмкін, әлбетте біздің ОЖ, браузер сол тілде, сондықтан қазақ тілінің статусы ІТ аренада тіптен еленбеудің бір себебі осы болар.Бұл туралы не айта аласыздар?
ҚазНеттегі қолданушысы көп сайттардың бірі, сұрақ-жауап және массагет сайттарын тексеріп көрсеңіз, екеуінде де қазақ тілі көрсетілмеген екен.
Бұны шешудің әзірге мынадай жолдары ұсынылады:
HTML код үшін, head тегтерінің ортасына:
<meta http-equiv="Content-Language" content="kk">
және
<html lang="kk">
...
</html>
(source) кодтары қойылады. PHP код үшін,
// content language (kk = Kazakh)
header('Content-language: kk');
(source)
Бұдан басқа да методтары болса, пікірге жаза кетерсіздер. Назарларыңызға рақмет.
P.S.: Әркім өз сайтындағы осы кодтардың барына назар аударса екен деген ұсыныс бар.
-
+3
Осы мен көптеген СЕО туралы ақпараттарды оқып, эксперименттерді қолданып көрдім. Тіл мәселесіне келгенде нақты шешімге тоқтауым қиын болды. Алдығы уақытта қандай нәтиже беретінін тексеріп көру қажеттілігі туындап тұр. Codeo-да қолданып көруге болады. Ал СЖ-да олай ете алмаймын, себебі қазіргі таңда СЖ-ның позициясы Гуглдың көзімен өте жақсы сайт деген пиғылда.
Мен білетін сайттардың ішінде осы метатегті sozdik.kz қолданады. Егер қазақша бетіне өтіп, кодын ашып қарайтын болсақ:
Алдағы уақытта осы тақырыпты жақсылап зерттеп көрмекшімін. Ол үшін тексеруге болатын плошадкалар бар.
Для определения языка страницы Google использует только видимое ее содержание. Никакая информация о языке на уровне кода, например атрибуты lang, не используется.
бұл жазылған бойынша Google-ны ешқандай html тегтердегі атрибуттар қызықтырмайтын сияқты, немесе мен бір нәрсені қате түсініп тұрмын ба?
Екіншіден, тілді парақта жариялау арқылы, мынадай ерекшеліктерге ықпал етуге болады екен:
— Белгілі бір тілдегі мета ақпаратты ірі ғаламтор кеңістігінен табуға ықпал ету;
— Орфоргафиялық программалар (скрипттер) сол парақ тіліне арналып жұмыс істеуі (мысалы, француз тіліне ағылшын тілінің ерекшелігін ескеріп, орфографиялық қате іздеуге болмайды ғой. Шын өмірде бұны кездестіріп те жүрміз, сайтта болмаса да MS Word бағдарламасы қазақша сөздерді орысша қате сөздер деп ойлап, астын қызылмен белгілеп тастайтыны бар);
— Кейін бұл қазақ тіліндегі жазбалардың бірнеше нұсқасын тануға да жәрдемдесе алады. Мысалы, kk-KZ — кирилл әріптеріндегі қазақ сөздері, kk_CN — араб әліпбиіндегі қазақ сөздері (қытай қазақтары қолданады, ал қытайда 1,5-2 млн қандасымыз бар, бұл зерттелмегені болмаса, маңызды тақырып), kk_TR — әзірше қолданылып жүрген, түрік әліпбиіне негізделген латын әріптеріндегі қазақша сөздер және алдағы уақытта Үкімет халықпен бірауыздан жаңа латынша әліпби белгіленсе, оған да арнайы ажырататын стандарттық атау белгіленеді де, жүйелі тілдік нормалар мен ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік жасауға болады; (source)
— Енді қолданысқа еніп жатқан дыбыстық синтезатор программалар шатаспай, дәл бір тілдік әліпбидегі сөзді оқи алуына жағдай жасау;… және тағы да басқа ерекшеліктерге пайдаланып кетуге болатын сияқты. (source)
Бұл тақырып талқылану шеңбері тар болып қалғанын қаламас едім. Барынша ауқымды тақырыптармен байланысса, қазақ тілін белгілі бір талапқа сай деңгейде қолдануға мүмкіндік туыла бермек дегеннен басқа айтар жоқ.