Іздеу сұранысы әр браузерде, әр компьютерде өзгеше болуының себебі
Мүмкін сіз байқамайтын боларсыз…
Бірақ іздеу сайтынан сіз іздеген сұраныс әр браузерде әр қалай нәтиже береді. Алынған ақпарат бір браузерде бірінші орында, екінші браузерде екінші орында, ал үшінші браузерде мүлдем бесінші болып орналасуы мүмкін.
Осы жазбада сізге неге олай екендігін қысқаша түсіндіріп шықсам деген ниет еді.
Ақпараттың әр қалай шығуына екі түрлі себеп бар: персоналды нәтиже және персоналды емес нәтиже (Cookie тазаланған жаңа браузерде шыққан нәтиже).
Енді осы екі жағдайды жеке-жеке қарастырайық.
1. Персоналды нәтиже
Сіз іздеу сайттарын қолданған кезде, мейлі ол Яндекс немесе Google, Іздеу@Майл.ру болсын? осы іздеу сайттарының почтасына тіркелгенсіз. Ал бұл дегеніміз іздеу сайттарының жүйесі автоматты түрде сіздің персоналды ақпараттарыңызға қолы жетеді. Ол туылған күніңіз, жасыңыз, жынысыңыз, іздеу сайттарында қандай сөз арқылы ақпарат іздегендігіңіз туралы ақпаратты толықтай бақылап отыр. Жәрайд делік мейлі сіз почтаға кірмегенсіз, бірақ бәрібір браузердің COOKIE құжаттарында сіздің логин, атыңыз т.б. ақпараттар сақтаулы. Яғни сіз браузерді бір рет қолдану арқылы іздеу сайттарына өзіңіз туралы ақпаратқа жол ашасыз.
Сіз күнделікті бір сайтқа тұрақты түрде кіріп, сол сайттың ақпаратын тұтынасыз. Осы орайда ізеду сайттары қандай да бір болсын ақпарат іздесеңіз сізді автоматты түрде сол сайтқа жіберуге тырысады. Мейлі сол секілді сұранысқа жауап беретін ақпарат басқа сайтта болса да сіз көп кіретін сайтқа жіберу іздеу сайтының басты мақсаттарының бірі. Мұндай персоналды іздеу принциптері тек іздеу сайттарында ғана емес Твиттер мен Вконакте әлеуметтік желісі қолданатынын байқап қалдым. Егер сіз досыңыздың атын жазсаңыз әлеуметтік желі сіз жақында көрген адамды бірінші болып шығарады. Ал сол адамның атын басқа қолданушы теріп іздейтін болса тіпті басқаша нәтиже көрсетіледі.
2. Іздеу нәтижесін баптау және аймақ
Іздеу сайттары персоналды ақпараттың тәтижесінен болек басқа да факторларға қарайды:
IP-мекеніңізді анықтау арқылы, сол мекен-жайға қатысты ақпаратты беруге тырысады.
Егер сіз Астанада болсаңыз, Алматы қаласында көрсеткен нәтиже түпкілікті өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпсіз іздеу.
Егер қауіпсіз іздеу қосулы болса, онда біршама сайттар іздеу нәтижесінде көрсетілмей сайттардың орналасу орны өзгеше болады.
3. Контексті жарнама үшін бәсекелес
Қазіргі таңдағы біз білетін іздеу сайттарының негізгі жеп отқан наны ол -Контексті жарнама. Ия, ия. Іздеу сайттары контексті жарнама арқылы өмір сүреді. Ал енді ойлай беріңіз жеп отқан наныңыз неғұрлым көп болса, соғұрлым сіз бақыттысыз.
Іздеу сайттары жеп отқан нанынан айырылмас үшін іздеу сайттарың нәтижесін қажеттілігіне қарай өзгертіп отырады. Мысалы: сіздің сайтыңыз «Кредит алу» сөзі бойынша 1-ші орында тұратын болса, екінші адам келіп контексті жарнамаға «Кредит алу» деп жарнама беріп кетеді. Нәтижесінде сіздің сайтыңз автоматты түрде 5-6 орынға кетіп, жарнама бойынша екінші адамның сайты бірінші орынға орналасады. Уақыт өте келіп жанаманы алып тастаған соң, сіздің сайтыңыз қайта орнына келеді. Әзірге контексті жарнама қазақша сұраныстарда кеңінен қолданып жатқан жоқ. Бірақ бұл жағдайға алдағы 1-2 жылда келіп қалумыз уақыт еншісінде.
Персоналды іздеу болашағы
Алдағы уақытта персоналды ақпаратты көрсету жүйесін тек іздеу сайттары ғана емес қарапайым сайттар да кеңінен қолданатын болады. Барлығы уақыт еншісінде.
Қарапайым мысал: Егер сіз дәрігер болсаңыз, сізге машина туралы ақпарат қызық болмауы мүмкін. Осы орайда персоналды ақпарат беру жүйесі сізге көмекке келеді. Сайттан сіз тек дәрігерге қатысты ақпаратты көретін боласыз. Осы жүйе болашақта Сұрақ-Жауап сайтында қолданып қалуы да мүмкін :)

-
+3
Қазір барлық гиганттар пайдаланушылардың жеке мәліметтерін анализ жасауға кірісіп кеткен. Мысалы, facebook-тың мына зерттеуі. Мен мұндай жағдайларға сәл күдіктене қарайм. Егер, сіз туралы статистика жинамауын қаласаңыз duckduckgo пайдалануға болады. Бірақ, онда да статистика жинамайтынына ешкім кепіл бола алмайды ))