Linux

36 оқырман, 27 жазба
+5.77

Linux туралы

Ubuntu серверінде интернеттің жылдамдығын тексеру

Сервердегі интернет жылдамдығын тексеру керек болып қалды. Графикалық интерфейс жоқ болғасын, speedtest сайтын қолдана алмадық. Осыған орай, терминалдағы команда арқылы тексеру тәсілі керек болды. Команданы тауып алдық. Бар болғаны терминалда келесі команданы теру керек екен. <code>curl -s https://raw.githubusercontent.com/sivel/speedtest-cli/master/speedtest.py | python -</code> Нәтижесінде кіріс және шығыс жылдамдығын...


  • 0

Stack Overflow статистика: vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды

23 мамыр күні 2012 жылы қойылған "Vim редакторынан қалай шығады?" сұрағының қаралым саны миллионға жетті. Соның құрметіне Stack Overflow зерттеу жүргізіп танымал проблема туралы статистиканы жариялады. Неге редактордан шығу қиын? Негізінен себеп екеу: пайдаланушы Vim редакторына көбінесе байқаусызда кіріп кетеді (консольдан басқа бағдарлама ашуы мүмкін) немесе ол редакторды сирек қолданғаны соншалық әр жолы қалай шығуды...


  • +1

Windows адам емес екенсің

Сәлем қызметтестер. Жақында жұмысқа тұрып, хикикамори атағынан арылдым. Жұмыс қайнап жатыр. Jiraдан көптеген задачаларды алып, көміліп қалдым. Қазір оларды шешудің орнына осында мақала жазып отырмын. Неге екенін қазір айтамын. Басында ноутбукты үйдегілер кредитке алып берген. Ішінде 4-гик АЗУ, 2-гик VIDEO-RAM, 1.7-ghz intel тасы бар. Сатып алынған кезде бастапқы жүйе ретінде ubuntu тұрды. Үйдегілер ол не windows жаза салмайсың ба? деген соң...


  • +1

Ubuntu 16.04 Linux дистрибутиві жарық көрді

Бүгін ұзақ бойы қолдау көрсетілетін (LTS), жаңартылулар 5 бойы шығарылатын Ubuntu 16.04 «Xenial Xerus» нұсқасының релизі шықты. Арнайы жинақтар келесі нұсқалар үшін дайын: Ubuntu, Ubuntu Server , Ubuntu Core , Kubuntu , Ubuntu GNOME , Xubuntu , Ubuntu Studio , Lubuntu , Ubuntu MATE , Ubuntu Cloud , Ubuntu Studio және UbuntuKylin (Қытайға арналған нұсқа). Негізгі өзгерістер: 1. Unity панелін горизонталь орнату...


  • 0

Json форматындағы мәліметпен консольда жұмыс жасаймыз

Қандай да бір сервиспен REST API арқылы жұмыс жасағанда ары бері шаппай консольда алынған мәліметтерді өңдеу уақытты қысқартады. Әсіресе, егер сұраныстардан тым үлкен json келсе. Консольда ондай мүмкіндікті беретін jq деп аталатын кішігірім құралды пайдаланып көреміз. Оның көмегімен json форматындағы мәліметті оқуға, фильтрлеуге, өзгертуге болады. Сондықтан да bash скрипттарда пайдалану үшін де ыңғайлы. C тілінде жазылғандықтан,...


  • +3

Қытайлықтар Ubuntu-смартфонын таныстырды

Қытайдың Meizu компаниясы ubuntu жүйесіне негізделге смартфонын таныстырды. Оны қазіргі кездегі ең мықты Ubuntu смартфон десек жаңылыспаймыз. Canonical компаниясымен бірігіп жасалған смартфон Meizu Pro 5 Ubuntu Edition деп аталады. Бұл құрылғы Ubuntu Touch қойылған бесінші смартфон. Осы жылы Ubuntu жүйесінде көптеген телефондар мен планшеттер шығады деп күтіліп жатыр. Meizu Pro 5 Ubuntu Edition смартфоны сегізядролы Samsung...


  • +1

Cron мастер немесе қайталанатын тапсырмаларды жобалау

Cron — linux жүйесіндегі тапсырмаларды жобалау құралы. Егер сізге белгілі бір уақыт сайын (бір сағат сайын, күнара, айдың белгілі бір күнінде және т.с.с.) команда орындау қажет болса, оны cron арқылы істеуге болады. Көпшілік сайты барлар оның php үшін пайдаланылатынын жақсы біледі. Осы мақалада cron баптауларының кейбір пайдаланылу жолдарын қарап көрейік. Негізі cron бұл жобалаушы демон және оның барлық баптаулары crontab файлдарында...


  • +1

Viber бағдарламасын Ubuntu-ға орнату және баптау

Бұл мақалада мен Viber бағдарламасын орнату және оның белгішесінің Unity Ubuntu трейінде дұрыс көрсетілуі үшін баптауды көрсетемін. Viber ол желідегі кез-келген viber пайдаланушысына хаттар жазу мен видео/дыбыстық қоңырау шалуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Viber-ді Ubuntu (64 bit) жүйесіне орнату Ubuntu (64 bit) орнату үшін сайттан deb пакетті мына сілтеме бойынша жүктеп ала аласыз. Deb пакетті өзіңізз қалаған әдіспен орната...


  • +2

Халыққа Интернет керек (Ubuntu шлюз)

Виндоус анау, виндоус мынау деп жатудың қажеті жоқ шығар, қолымызда убунту орнатылған сервер, бір интерфейсіне (сетевая карта) провайдерден Интернет келіп тұрса, келесі интерфейсі офис желісіне қосылған. Жалпы дәл мынадай болады деп жазу мүмкін емес, себебі әр сервер өзіне жүктелген қызметке байланысты сәйкесінше бапталады. Біздің мысалда тек жалпылама баптау, одан әрі түрлендіру өз еріктеріңізде. Сервердің eth0 интерфейсіне интернет келіп...


  • +7