Бизнеске яндекс директ пайдасы
Біз осы постымызды google adwords (әрі қарай гугл) туралы жазған жазбамызға қосымша абзац ретінде жаза салуымызға болар еді. Бірақ, олай жасамаймыз. Себебі, яндекс директ (әрі қарай яндекс) туралы айтарымыз өз алдына бөлек тақырып. Иә, гугл мен яндекс ұсынатын қызмет түрлері өте ұқсас, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және олар көп.
Мысалы, гугл шотыңызда доллармен, ал яндексте теңге валютасымен төлем жасайсыз. Бірақ, гуглге теңгесі бар карточкамен төлем жасай аласыз, VISA карточкасы автоматты түрде төлем барысында теңгені долларға конверттеп береді екен; гугл жарнама ауқымы Қазақстан Республикасын тұтастай алады, ал яндекс еліміздің әр облысы үшін өңірлік таргетинг жасау мүмкіндігін ұсынады. Яндекс директке, контексттік жарнама негізінде ақылы түрде жіберген хабарландыруыңыз go.mail.ru іздеу жүйесінен де көрсетілетін болады.
Айталық, қазақстандықтардың 60% астамы google, 10% астамы yandex, 24% астамы go.mail.ru іздеу жүйелерін пайдаланатын көрінеді (gs.statcounter.com).
Тәжірибе көрсеткендей, яндекс іздеу жүйесі үшін СЕО оптимизациялау қысқа уақытта жасалатын жұмыс, одан кейін гугул іздеу жүйесі болса, майл.ру іздеу жүйесіне оптимизациялау сәл күрделі екені байқалуда.
Оптимизациялау, контексттік жарнамадан бөлек, сіз яндекстің басқа да қызметі арқылы бизнесіңізді танымал ететін пункттерді назарда ұстауыңыз қажет. Мәселен, яндекс.визитка, яндекс.карта, яндекс.маркет, пікілер, яндекс.почта (корпортаивтік шешім де қарастырылған) және басқа да бизнес ерекшелігіне сай арнайы қызметтерді жатқызуға болады.
Сайтыңызды контрольде ұстау үшін, сіз гуглдың аналитикс қызметі сияқты, яндекс метрика қызметін де тегін пайдалана аласыз. Бұл қызмет сізге мынадай мүмкіндіктер ұсына алады:
— Сайтқа қанша адам кірді. Секунд, Минут, Сағат, Күн, Апта, Ай, Жыл сайынғы мәлімет;
— Қандай сайттан адамдар көптеп ағылады, соны анықтау;
— Қандай өңірден адамдар көп кіреді;
— Қандай тақырыптар көп оқылады;
— Қандай кілтсөздер арқылы адамдар көп кіреді;
— Қандай құралдар арқылы көп кіреді;
Сонымен қатар, басқа да көптеген ақпараттар ала аласыз.
Жалпы, «Яндекс» ТМД нарығында рейтингісі жыл санап өсіп, дамып келе жатқан корпорация. Оның қызметтері компания басшыларына, маркетологтарға, веб-мастерлерге, қысқасын айтар болсақ бизнесін интернет арқылы дамытқысы келетін адамдарға арналған тамаша шешімдердің бірі болып табылады екен.

-
+1