Samsung компаниясы өзінің кезекті s линейкалысындағы 5-ші смартфонын көрсетті

Samsung компаниясы Барселонада өткен MWC 2014 аясында өзінің кезекті Galaxy S5 смартфонымен таныстырды. Жаңа смартфон 5,1" дюмді FULL HD, Super AMOLED дисплейіне ие. Және ең бастысы смартфонның жүрегі болып табылатын төрт ядролы Qualcomm Snapdragon 801 процессоры. Процессор жиілігі 2.5 ГГц, 2 Гб оперативті жады, 16/32 Гб өзінің жадымен қоса, флеш карта көмегімен жадын арттыруға мүмкіншілігіңіз бар.

Мультимедиа мүмкіншілігіне келер болсақ, камерасы: 16 мегапиксель, алдыңғы камерасы 2.1 мегапиксель, HDR видео түсіругеде болады.Смартфон сумен шаңға төзімді. 1 метр тереңдікке дейін су астында смартфонды пайдалануға болады.
Алынбалы-салынбалы аккумуляторының сыйымдылығы 2800 мАч(сөйлесу режимінде қуаты 21 сағатқа жетеді).
Және Ultra Power Saving функциясы қуат көзі таусыларда дисплейді түрлітүсті режимнен ақ-қара түске ауыстырып, Wi Fi мен ғаламтор қосылып тұрған жағдайда автоматты түрде өшіреді.
Өлшемдері 142 x 72,5 x 8,1, салмағы — 145 грамм. ОС Android 4.4.2 KitKat.
Смартфон 4 түсті болып сатылымға шығады: ақ, көк, қою сұр, алтын түсті.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.