Өзің ізде (ozinizde.kz) - қоғамдық проблеманы шешуге арналған сервис

Өзің ізде — әлеуметтік маңызды мәселені шешуге арналған сервис.
Қазіргі кезде гуглде іздей білмеу мәселесі қоғамдық проблемаға айналып барады. Барлық адамдар гуглден іздеуді ұмытып, бір-бірінен ауызша сұрауға өтіп жатыр. Бұл эпидемияны қалайда тоқтатпасақ болмайды
Қалжыңнан негізгі әңгімеге өтейік. Өзің ізде — гуглдің пайдасын білмейтіндерге көмек беру үшін құрылған кішігірім сервис. Мұндай сервистің қажеттілігі сонша өте көптеген мемлекеттерде өз нүсқалары бар (мысалы, міне, міне). Енді бұл сервис қазақ тілінде де бар ;)
Сервисті пайдалану өте қарапайым. Айталық сізден досыңыз гуглдан бір сұраныспен табылатын сұрақтарды сұрап жатыр делік, сіз аласыз да, ozinizde.kz ашып жіберіп, сілтеме құрып аласыз, мысалы былай:

Осылай көшіріп алынған сілтемені, жаңағы XIX ғасырда өмір сүріп жатқан досыңызға жібересіз. Ол бұл сілтемені ашып, мынандай көрініс көреді:

Сервис ешқандай саяси, діни мақсаттарды көздемейді. Тек қоғамдық проблеманы шешу үшін арналған.
Гуглдетулеріңіз сәтті болсын ))
-
+10
Сілтемеге өтудің қасында, сілтемені көшіріп алу батырмасы болса қатып кетер еді ия.
Шыққан нәтижені буферге автоматты көшіріп алатын болса.