Желідегі этикет: Эгоист болмай, AdBlock қосымшасын өшіріңіз
- yerbol89
- Маркетинг, жарнама және PR / 16 қазан 2014, 18:09
- 2628
Салем, достар!
Бұл жазба Look At Me сайтына жарияланған мақала желісі бойынша жазылып отыр.
Күнделікті интернетте сіз қолданып жүрген іздеу сайттары, әлеуметтік желілер, сервистік сайттар, видео-аудио, мәтіндік контентті ұсынып отқан т.б. сайттар жарнаманың арқасында күн көреді. Тым болмаса өзіңіз жиі қолданатын сүйікті сайттарыңызды таңдап, ол сайттарда AdBlock қосымшасының қосылмауын қадағалаңыз.
Себебі сайттың дамуы сайтта орналасқан жарнамаға тікелей байланысты десем қате айтпаған болармын. ("Егер ол сайт тендер арқылы мемлекеттің ақшасын сорып отса әңгімеміз жоқ, әрине :)")
Қазіргі уақытта жарнаманы көрсетпеу үшін браузерге арналған ең танымал AdBlock және AdBlock Plus атты екі қосымша бар. Осы қосымшалар үшін өте үлкен редакторлық команданы жасақтап, сіздерге тегін пайдалы контентті ұсынып отқан интернет жобалар зардап шегуде. Жыл сайын PageFair жобасының есептеуінше, баннерді жасыру қосымшаларының кесірінен орта есеппен сайт 22 % жылдық табысынан айырылады. Баннер көрсетпейтін қосымшалалардың кесірінен жарнама сайт қолданушыларына көрсетілмей, орташа CTR мен көрсетілім азайғандықтан жобаның иелеріне кері әсер етеді.
Күнделікті қолданып, тұтынып жүрген контент аспаннан салбырап түскен жоқ. Сайт жарнаманың арқасында күн көреді. Сол контентті жасап отырған редакторларға, сайт басшылығы жарнамадан түскен қаражатқа айлық төлейді. Сайттың өміршең болуы жарнамға тікелей байлансты екенін қайта айта кетейін. Google, Yandex секілді алпауыт, Facebook әлеуметтік желісі т.б. көптеген сайттары осы жарнаманың арқасында дамып, тұрақты, сапалы қызмет етуде.
Біз сізге AdBlock қосымшасын толықтай өшіріп тастаңыз деп айта алмаймыз, тек тым болмаса өзіңіз ұнататын, контентін қолданатын сайттарда AdBlock қосымшасының қосылмауын қадағаласаңыз деген ниет. Өзін-өзі силайтын сайт, жоба ешқашан сіздерге ұятсыз, зиян келтіретін жарнаманы көрсетпейді. Кейде шынымен де сізге өте пайдалы ақпарат көзін ұсынып отқан жарнама болуы да ғажап емес. Сондықтан осы сайттың дамығанын қалаймын деген сайттарда AdBlock қосымшасын өшіріп тастаңыз.
Төменде AdBlock қосымшасының өзіңіз таңдаған сайттарда қосылмауына арналған нұсқаулық:
Сұрақ-Жауап сайтында қосымшалардың қосылмауы үшін іс-әрекет.
1. AdBlock
2. AdBlock Plus
3. AdBlokPro
p.s.
МЭТТ САККАРО, жазушы.
«Я чувствую вину за использование AdBlock. Вместо того чтобы видеть страницы без рекламы, я вижу страницы с призраками. Каждое интернет-объявление, которое вы видите, — результат работы многих людей: веб-дизайнеров, представителей отдела продаж, маркетологов и других. Устанавливая Adblock, я отрицаю их существование. Я обесцениваю труд, который стоит за каждым объявлением каждый раз, когда просматриваю сайт без рекламы».
Ақпарат көзі.
Бұл жазба Look At Me сайтына жарияланған мақала желісі бойынша жазылып отыр.
Күнделікті интернетте сіз қолданып жүрген іздеу сайттары, әлеуметтік желілер, сервистік сайттар, видео-аудио, мәтіндік контентті ұсынып отқан т.б. сайттар жарнаманың арқасында күн көреді. Тым болмаса өзіңіз жиі қолданатын сүйікті сайттарыңызды таңдап, ол сайттарда AdBlock қосымшасының қосылмауын қадағалаңыз.
Себебі сайттың дамуы сайтта орналасқан жарнамаға тікелей байланысты десем қате айтпаған болармын. ("
Қазіргі уақытта жарнаманы көрсетпеу үшін браузерге арналған ең танымал AdBlock және AdBlock Plus атты екі қосымша бар. Осы қосымшалар үшін өте үлкен редакторлық команданы жасақтап, сіздерге тегін пайдалы контентті ұсынып отқан интернет жобалар зардап шегуде. Жыл сайын PageFair жобасының есептеуінше, баннерді жасыру қосымшаларының кесірінен орта есеппен сайт 22 % жылдық табысынан айырылады. Баннер көрсетпейтін қосымшалалардың кесірінен жарнама сайт қолданушыларына көрсетілмей, орташа CTR мен көрсетілім азайғандықтан жобаның иелеріне кері әсер етеді.
Күнделікті қолданып, тұтынып жүрген контент аспаннан салбырап түскен жоқ. Сайт жарнаманың арқасында күн көреді. Сол контентті жасап отырған редакторларға, сайт басшылығы жарнамадан түскен қаражатқа айлық төлейді. Сайттың өміршең болуы жарнамға тікелей байлансты екенін қайта айта кетейін. Google, Yandex секілді алпауыт, Facebook әлеуметтік желісі т.б. көптеген сайттары осы жарнаманың арқасында дамып, тұрақты, сапалы қызмет етуде.
Біз сізге AdBlock қосымшасын толықтай өшіріп тастаңыз деп айта алмаймыз, тек тым болмаса өзіңіз ұнататын, контентін қолданатын сайттарда AdBlock қосымшасының қосылмауын қадағаласаңыз деген ниет. Өзін-өзі силайтын сайт, жоба ешқашан сіздерге ұятсыз, зиян келтіретін жарнаманы көрсетпейді. Кейде шынымен де сізге өте пайдалы ақпарат көзін ұсынып отқан жарнама болуы да ғажап емес. Сондықтан осы сайттың дамығанын қалаймын деген сайттарда AdBlock қосымшасын өшіріп тастаңыз.
Төменде AdBlock қосымшасының өзіңіз таңдаған сайттарда қосылмауына арналған нұсқаулық:
Сұрақ-Жауап сайтында қосымшалардың қосылмауы үшін іс-әрекет.
1. AdBlock
2. AdBlock Plus
3. AdBlokPro
p.s.
МЭТТ САККАРО, жазушы.
«Я чувствую вину за использование AdBlock. Вместо того чтобы видеть страницы без рекламы, я вижу страницы с призраками. Каждое интернет-объявление, которое вы видите, — результат работы многих людей: веб-дизайнеров, представителей отдела продаж, маркетологов и других. Устанавливая Adblock, я отрицаю их существование. Я обесцениваю труд, который стоит за каждым объявлением каждый раз, когда просматриваю сайт без рекламы».
Ақпарат көзі.
-
+5
Негізі мұндай қосымшалардың пайда болуы, сайттардың этикетіне байланысты болды деп ойлаймын )). Мысалы, adblock-сыз
adblock-пен
Қайсысы жақсы? әрине екіншісі, біріншісі шамадан тыс реклама, қайсысына қарайтыныңды да білмейсің, егер осындай сайттар пайдаланушыны ойлап жарнаманы білінбейтін етіп, бірақ әдемілеп тұрып сайт дизайнына үйлестіріп жіберсе, ешқандай критика болмайтын еді. Кейін, мағыналы рекламалар қою керек, бірнәрселердің өлшемдері туралы зарламай ;).