Мюнхен Linux-тан бас тартып Windows-қа қайтудың шығынын жариялады
- raimbek
- IT-жаңалықтар / 25 қазан 2014, 00:45
- 1822
Мюнхен қаласы осыдан он жыл бұрын, қала әкімшілігі бөлімдерінде Linux операциялық жүйесіне көшу туралы шешім қабылдған еді. Ол шешім бойынша арнайы жоба дайындалып өту процессі он жыл бойы жалғасты. Алғашында бұл жаңалық linux қауымдастығында көп қызығушылық тудырды. Дегенмен енді он жылдан соң қалаға жаңа сайланған мэр, Windows-қа қайта оралу туралы шешім қабылдап, Мюнхенді көптеген адамдардың қайта еске алуына себепші болып жатыр.
Мэр енді Windows-қа қайта оралу үшін қанша шығын кететінін жариялады. Көптеген жыл уақытты алған Linux-қа көшуден соң Windows-қа қайта өту миллиондаған еуро болады.
Белгілі болғандай жаңа мэр келесі мәселелерді анықтау үшін арнайы топ құрыпты: еркін немесе приоприетарлы бағдарламалардың қайсысы пайдаланушыларға ыңғайлы болады және Windows-қа өту үшін қандай шығын қажет. Енді мэр осы арнайы топ зерттеуінің нәтижесін жариялады. Бұл мәліметтерге сәйкес, Windows 7-ге өту үшін 3,15 млн EUR шығын қажет екен. Бұл шығын лицензия бағасы мен инфраструктураға кететін шығынды есепке алмағанда, ал Windows 8-ге өті бұдан да қымбат болады. Кететін шығын туралы нақты мәлімет тек көшу жобасы белгілі болғанда ғана белгілі болады. Мэр, сонымен қатар он жыл ішінде Linux-қа көшу үшін жұмсалған 14 млн EUR босқа кеткенін де атап өтті.
Негізі бұл жаңалық осы квесттің соңы емес, әлі windows-қа өту толық біткен соң да шығындарды салыстырып көруге болады. Мэр, windows-қа қайта өту туралы шешімге, негізгі себеп, қызметкерлерден алынған сауалнама деп көрсетеді. Онда қызметкерлерден көп жалып түскені айтылған.
Жобаның сәтсіз болуына оның ұзақ уақыт созылып кетуі де себепкер болған болуы мүмкін. Бүкіл қала әкімшілігі қызметкерлерін үйретудің өзі қиындықтарға әкеліп соқтырады. Дегенмен бұлай шешім қабылдаған Мюнхен ғана емес, Гумберсбах қаласы, үнді Керала және Тамилнад штаттары, францу жандармериясы, Оңтүстік Корея үкіметі және т.б. бар. Ендігі кезек оларда жоба қалай іске асатынын бақылау.
Linux-қа ешқандай негіз болмай тұрып өту, өте ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Linux-ты ендіру үшін мектептен бастап ол туралы сауаттылықты бастау керек. Қазіргі кезде салыстырсақ, Word пен Excel-ді керек десеңіз университетте де оқытады. Мюнхеннің жағдайы қалай десек те болашақ жобаларға сабақ болды.
-
+7
1) @kamyrov-тың вариантына толықтай қосыламын.
2) Бұлардың жасағаны LiMux деген дистрибутив еді. Түрін қарасаңыздар әбіржіп кеткен. Мысалы, бір дистрибутивті алып оны қолдап отырудың да қанша уайымы бар екенін өздеріңіз білесіздер ғой. Осы тұрғыдан олар артта қалып қойды деп ойлаймын. Әкімшілік жаңа дистрибутив емес, керісінше уже бар, дамып жатқан дистрибутивтерді қолдана отырып, арнаулы софттарға көңіл бөлуі керек еді деп ойлаймын. Бөлінген ақшаның біршама бөліктерін сообществоға беріп отырса да ұтылмайтын еді.