Командалық жолда интернет жылдамдығын анықтау

Интернет жылдамдығын анықтаудың бірнеше әдісі бар. Мысалға көбіміз ноутбуктарымыздағы интернеттің жылдамдығын анықтау керек болған кезде speedtest.net сайтына жүгінеміз, кейбіреулері басқа сайттарды негізге алады, ал қалғандары Conky сияқты виджеттерді және көптеген т.б. бағдарламаларды/әдістерді қолданады.


Кейде серверлерімізде интернет қуатын кездер болып жатады, ондайда нақты қателер амалдық жүйеде ме, әлде провайдерде ме анық-қанығын айта алмайсын, себебі сервердің көбінде «графика» болмайды(ол керек те емес). Осы жазбада мен сіздерге браузерді ашпай, виджеттерді орнатпай интернет жылдамдықты анықтаудың ең тез және оңай тәсілін үйретемін. Сізге бар болғаны speedtest командасын орындау қажет болады.

Speedtest командасы командалық жолда орындалу үшін серверге екі пакет орнату қажет, ол: python-pip және speedtest-cli.

1. Келесі командалық жолда Python пакеттерін орнатуға және басқаруға арналған python-pip құралын орнатамыз:
sudo aptitude install python-pip

2. Әрі қарай python-pip арқылы speedtest-cli -ты орнатыңыз:
sudo pip install speedtest-cli

Осы пакеттердің орнатылуы аяқталған соң сіз интернет-жылдамдықты бар болғаны бір командамен командалық жолда тексере аласыз:
speedtest

Командалық жолда сіз өзіңіздің интернетіңіз туралы ақпаратты, оған қоса провайдеріңізді және IP-мекенжайыңызды көресіз.

Менің мысалымда нәтиже осындай болып шықты:

Егер сіз жаңағы бағдарламаны өзгерткіңіз келсе, мына жерден жүктеп алуыңызға болады.
Оған қоса жоғарыдағы аталған іс-қимылдарға шағын бейнежазбамды тамашауларыңызға рұқсат;)


  • +6
5 пікір
raimbek
Бұл құралды windows-та да беймарал қолдануға болатындығын айтып өту керек сияқты )
tonukok
Базааар жоқ, бразе :) Қазақша интерфейс :))))
kamyrov
рахмет), линукстағы бағдарламалардың қазақша болуына cray деген жігітке рахмет айту керек)
tonukok
Рахмет @cray! Жалпы Бауыржан алғашқы Астана Интернет Форумында келіп сөйлеп кеткен қонақ болып :) Так что респекттен басқа айтарымыз жоқ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.