Интернетке 45 жыл
- raimbek
- IT-жаңалықтар / 30 қазан 2014, 13:07
- 1889
Бүгін интернеттің пайда болғанына 45 жыл толды. Дұрыстап айтқанда 45 жыл алдын осы күні, бір-бірінен 640 км қашықтықта орналасқан (Лос-Анджелестегі Калифорния университеті мен Стэнфорд зерттеу институты арасында) екі компьютер арасында алғаш рет байланыс орнатылған.
Байланыс сеансы 1969 жылы 29 қазан сағат 21:00-де орнатылған. Сеанс кезінде байланысты орнатушылар «LOG» деген үш символ жібере алды, одан соң байланыс үзілген. 22:40 кезінде байланыс қайта орнатылды. Байланыс кезінде пайдаланылған екі компьютер де болашақ ARPANET желісінің ең бірінші байланыс тораптары болды. Екі айдан соң тораптар саны төртеуге жетті.
1972 жылы тораптар саны — 37. Осы жылы e-mail адрестерде пайдаланылатын @ белгісі пайда болды. 1973 жылы халықаралық желі тораптары пайда болды, олар Ұлыбритания мен Үндістанда орналастырылды.
1974 жылы интернеттің қазіргі күйіне келуіне үлкен серпін берген TCP (Transmission Control Protocol) протоколы пайда болды. Протокол авторларының бірі Винт Серф болған (ол қазір Google компаниясында жұмыс істейді).
Бар жоғы 20-30 жыл ішінде басында екі ғана тораптан тұрған желі, бүгіл әлемге таралды. Күнде желіге миллиардтаған адам қосылады. Ал қазіргі кезде желі жоқ жерлерде аэростаттар (Google Loon) мен дрондарды (Facebook) қосу жобаланып жатыр.
Енді интернеттің пайда болуына қатысты тарихи суреттер
ARPANET көмегімен мәлімет қабылдап жатқан зерттеушілер тобы:
Мына залдан ең бірінші мәлімет («LOG») жіберілген:
Интернет дүниеге келген бөлме:
-
+5