Canonical Ubuntu 14.10 (Utopic Unicorn) дистрибутивін көпшілік қауымға ұсынды


Кеше түнде Canonical серверлерінде ubuntu жаңа дистрибутивін жүктеп алу үшін торрент файлдар мен сілтемелер пайда болды. Iso файлын мына жерден жүктеп алуға болады.

Бірден көзге түсетін немесе ауыз толтырып айтатын өзгерістер жоқ. Интерфесте де көп өзгерістер жоқ. Қызық жаңалықтардың бірі ретінде «Ubuntu Developer Tools Centre» құралының пайда болуын айтуға болады. Оның көмегімен Android SDK және оған керек барлық құралдарды орнату жеңілдеу болады. Сонымен қатар, негізгі бағдармаламар мен жұмыс үстеліне қойылатын суреттер жаңартылған.

Бұл LTS болмағандықтан, Canonical бұл дистрибутивті 9-ай ғана қолдайды.

Өзгерістер тізімі:
  • Linux Kernel 3.16
  • LibreOffice 4.3.2.2
  • Firefox 33
  • Thunderbird 33
  • Nautilus 3.10
  • Evince 3.14
  • Rhythmbox 3.0.3
  • Unity 7.3.1

Сервер нұсқасындағы өзгерістер:
  • OpenStack 2014.1
  • Libvirt 1.2.8
  • Qemu 2.1
  • Cgmanager 0.32
  • LXC 1.1
  • cloud-init 0.7.6
  • Docker 1.2

Бұл дистрибутив көптеген пікірталастарға себеп болған systemd-мен бірге қойылады.

  • +7
4 пікір
Bad_Robot
Флеш пен Хромның үйлесімін ретке келтірудің жолы бар ма? Түк видео оқылмай қалды және Хромнан бірнеше вкладка ашсаң қатып қалады.
raimbek
Флеш Хромда үнсіз келісім бойынша орнатылған болуы керек (Firefox сияқты емес), сондықтан бұл жөнінен қиындықтар болғанын көрмегенмін. Ол олай жұмыс жасамай қалудан бұрын қандай әрекет жасаған едіңіз?
Кейін сіз айтып тұрған Ubuntu 14.10 да ма немесе басқа дистрибутив па?
Bad_Robot
Ubuntu 14 болып жақында жаңарып еді ғой, содан кейін алжып кетті. Қазір сүйікті Хромымды тастап, басқа браузерге ауысуға мәжбүрмін.
Іздеу жүйесінен білгенім, көпшілігінде солай проблема екен, Адоб Хромиумды қолдауын тоқтатқан, сол себепті дейді. Бірақ нақты шешімдерін таба алмадым.
kamyrov
Хромды squeeze-ден орнатып көрсейші, егер жаңасы істемесе ескісі істеу керек шығар)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.