Сайтқа ерекше қаріптер орнату

  • avatar
  • CSS / 25 желтоқсан 2013, 01:46
  • 2272
Кейде болады, дизайнер Сізге фотошоппен дизайнды лақтыра салады. Ашасыз. О, керемет! Әдемі қаріппен текст жазулы тұр. Хммм… Бұндай қаріптер басқа көп сайтта кездеспейді. Енді ше. Қарапайы HTML кодпен сипаттай өтесіз. Сақтап, ашасыз. Тамаша!

Тексеріп, басқа комптан ашсаңыз, ...ұжс! Бағанағы әдемі әріптеріңіз жоқ! Орнына сүйкімсіз таймс нью роман шұбырып жатыр. Қап!

Браузер қаріпті c:\windows\fonts ішінен алып отырған екен. Басқа компьютерде ол қаріп жоқ болса, солай қате шығады ғой.

Жалпы, қаріптер десктоп (комп үшін) және веб үшін деп қарастырылатынын есте ұстаңыз.

Бұлай болғанда, қаріпті серверге салып қою керек қой. Осы жағдайды шешудің үш жолын ұсынамын:
1. ttf.in.ua/ сайтынан өзіңізге қажет қаріпті тауып алыңыз. Бұл жерде түсінікті, комп және веб үшін деп ұсынады.
2. Font-Face Generator. Яғни, комптағы қаріпті веб үшін арнайы генерациялап, тіпті css кодына дейін әзірлеп береді. Мысалы:
@font-face {
	font-family: 'MyWebFont';
	src: url('webfont.eot'); /* IE9 Compat Modes */
	src: url('webfont.eot?#iefix') format('embedded-opentype'), /* IE6-IE8 */
	     url('webfont.woff') format('woff'), /* Modern Browsers */
	     url('webfont.ttf')  format('truetype'), /* Safari, Android, iOS */
	     url('webfont.svg#svgFontName') format('svg'); /* Legacy iOS */
	}

3. Айналайын, гугл! google.com/fonts
Осының ішінен тікелей кириллицаны таңдап, қаріпті таңдай саласыз.
Ұсынылған қаріп сілемесін head тегтерінің ортасына жариялап, мысалы:
<link href='http://fonts.googleapis.com/css?family=Exo+2' rel='stylesheet' type='text/css'>

кейін қаріп атауын css стильге жаза саласыз.

Мысалын мына сайттан көрсеңіз болады: surprise-me.kz/3/

  • +2
10 пікір
muratov91
Меніңше Нұржол үлкен жазбаларға стандартты қаріптерді таңдаған жөн. Ал егер меню немесе батырманың стилін өзгетсең сен айтқан жол дұрыс. Кез келген компьютер сервердегі қаріпті жүктей алмайды.
yerbol89
Қазіргі Windows 7 қаріптерді жақсы көрсетіп, көбіне өз деңгейінде көрсетіп жатады. Ал Windows 2003 мүлдем басқаша көрсетеді. Меніңше ең тиімдісі контетті жобалар, яғни сайттың негізі бөлігін мәтін болатын сайттарға Tahoma, Arial, Verdana тиімді секілді.
nurzhol
Негізі, контенттік жобаларға ерекше қаріптер орналастыру туралы сөз қозғалмаған еді. XD
Ондай сайттар тіптен жоқ деп айтуға болады.

Жарнамалық, промо сайттар осындай ерекше қаріпті қажет ететіні белгілі. Себебі, түрлі әдемілік пен дизайн маңызды. Енді, оған контенттік жобаны қоспауды ұсынамын. XD
yerbol89
nurzhol 8)
muratov91
онда тақырыбында кішкене өзгертіліп, нақтылау керек еді. Нұржол контенттке қалай басқа қаріптерді орналастырып жур десем ?)))
jarjan
Тағы да қаріптерді тек әріптер үшін емес, түрлі символдар салуға қолдануға болады.

Мысалыға, мына қаріптер:
fontawesome.io/
www.justbenicestudio.com/studio/websymbolsliga/
nurzhol
Жақсы екен. SVG ретінде сияқты. Бұлай болғанда, қаріптен бөліп алып, таза svg форматпен векторлық графика ретінде қолдануға болады екен ғой. Бұл туралы өте шала біледі екенмін. Қарастыру керек.
pedagog
Жалпы өте құнды танымдық ақпарат, сондықтан ұсақ түйек посттың тақырыбы, жазылуы жағындағы логикалық қателіктер кездесіп жатса аса мән бермей ақ қояйық.
tolebi
Нұржол, рахмет! Жап-жақсы контент.
nurzhol
Кей десктоп қаріптерді уебке конверттейтін жақсы ресурстар бар екен, мысалы: www.web-font-generator.com/
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.