Windows 10 кейлоггермен бірге қойылады

Егер сіз Windows 10 Developer Preview-ті жүктеп аламын деп шешкен болсаңыз, онда абай болыңыз. Microsoft компаниясы операциялық жүйенің кейлогермен бірге орнатылатындығын ресми түрде мойындады. Батырмалардың басылуы жазып алынады және Microsoft-қа жіберіледі. Бақылауға құқық берілу Insider Program-да қатысу шарттарында көрсетілген. Windows 10 Developer Preview-ті жүктеп алғанда пайдаланушы осы шартқа автоматты түрде келісім береді.


Windows 10 Developer Preview, сонымен қатар, аудиожазба да жасайды. Жеке мәліметтерді жинау туралы толығырақ Windows 10 Developer Preview-тің пайдаланушының жеке мәліметтерін өңдеу туралы құжатында жазылған. Бұл құжатқа сәйкес дауысты жазып алу тек пайдаланушы дауыстық командалар берген кезде және ОЖ-ның дыбыстық функцияларының жұмысы кезінде жүргізіледі (дауысты тану функциясы).

Кейлогерге келсек, Microsoft оның сөздерді автоматты толықтыру және автоматты туралау функцияларын жақсарту үшін қажет екендігін айтып жатыр.

Ресми құжаттарда тағы да Microsoft-тың бұл мәліметтермен тәуелсіз «серіктестерімен» бөлісуіне құқығы бар екендігі айтылған.

  • +6
7 пікір
kamyrov
эхх, мәлеміттерді ноутбукта сақтау да қауіпті болып бара жатыр…
raimbek
біз мейлі, бірақ бұл жағдай мемлекет деңгейіндегі ақпараттық қауіпсіздік сұрақтарына көп сұрақтар туғызады…
kamyrov
Мен бұрыннан айтып жүргенмін, мемлекеттік мекемелерді Линукса көшіру керек деп)).
Пайдасы:
1) Тегін
2) Қауіпсіз
3) Қалауынша өзгерте аласын
raimbek
Сен таң қалатын шығарсыз, бірақ, мен бұл пікірмен онша келіспеймін )
kamyrov
Түсініктемені ашып жіберейін:
1) RedHat-тан және т.с.с басқасы)
2) Абсюлютті қауіпсіз жүйе жоқ, бұл пунктті салыстырмалы түрде жаздым
3) Өзгермейтін нәрселері бар, бірақ бізге қажеттінің барлығын өзгертуге болады)

осымен ше, келісесін бе?)
raimbek
Менің айтайын дегенім, біздің елде windows-тың өзі дұрыстап, профессионалдық деңгейде енген жоқ деп есептеймін. Қауіпсіздік туралы проблемалар негізі ОЖ-ға байланысты емес, білместіктен (түсінбеуден) пайда болады. Windows-ты мемлекеттік органдарда көріп жүрміз, бір троян(шпион) орнатып кетсең де ешкім білмейді.

Әрине желінің оқшауланғаны сәл де болса жағдайды құтқарады. Негізі linux-ты мектеп мен университетке ендіруге екі қолымды көтерем, арзан, microsoft монополиясынан құтқарады және кейін мемлекеттік деңгейде ауысуға жағдай жасайды. Ал қазір бірден ауыстыру ол жардан секірумен тең))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.