JavaScript / jQuery Update көмегімен AdBlock қосымшасын анықтау

Сайтыңызға кірген адамдар AdBlock қосымшасын өшіріп қойғанын қалайсыз ба? Ендеше, осы плагинді пайдаланыңыз.

Бұл пост осының алдындағы жазбаның дамытылған нұсқасы.

HTML

jQuery
$(document).ready(function(){
setTimeout("checkAds();", 1000);

function checkAds() {
if ($(".adsense").height() == "0") {
$(".adsense").after("

Жарнаманы ұнатпайсың ба?

Маған бәрібір.

Эгоист болмай, AdBlock қосымшасын осы сайт үшін өшіріп қоярсың. Бұл осы сайтқа жасаған жақсылығың болсын дегеннен басқа айтар жоқ. Құрметпен, админ! :)

Бұл қалай жұмыс жасайды?

Көпшілік осы плагинді қажет ететіні рас. Бұл егер AdBlock қандайда бір құжатты биіктігі бойынша блоктағанын байқаса, сол жерге хабарлама шығарып қояды. Егер блокталмаса, ол хабарлама сәтті жүктелген құжаттың астында қалады. Бұл алдыңғы посттың жаңартылған әрі біршама жетілген варианты. Көмектесе алдым деген ойдамын. :)

Бұл посттың дереккөзі: сілтеме

• +4
2 пікір
raimbek
Бұл әдіс жұмыс жасамайды-ау деп қоям. Adblock қосылып тұрған беттің кодын қарап көрдім, бірақ онда

деген блок атымен жоқ
nurzhol
Айта кетейін, өзім тексергенім жоқ. Сосын, мақала астындағы пікірде жұмыс жасағаны үшін алғыс білдіргенін ғана аргумент ете аламын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.