DNR-ді PS сатып алды
- erkejan96
- IT-жаңалықтар / 27 қазан 2014, 10:33
- 1556
Ия білемін, ақпарат кішкене ескіріп қалды, сонда да білмегендерге жаңалық болсын. Өткен аптада, дәлірек айтсақ 21 қазанда PS интернет компаниясы DNR ( «Skilltex» ЖШС) хостинг провайдерімен және тіркеушісімен қосылатынын хабарлады, бұл жағдай PS өкілдерінің айтуы бойынша, хостингтік қызметтердің нарығында компанияның өз позицияларының бекіте түседі. «Біз әрқашан DNR дің дамуын қызығушылықпен бақылап отырдық және осы мықты ойыншының 8 жылдық жинақтаған тәжірибесін өзіміздікімен біріктіре отырып өз позициямызды күшейте алатындығымызға қуаныштымыз. Осындай масштабтағы келісім қазақстандық хостингтік қызметтер нарығында алғаш рет болып отыр», — деді «PS Интернет-компаниясы» құрылтайшысы және бас директоры Никита Красулин. Бірігудің нәтижесінде жалпы клиенттік база — 25 000 компаниядан артты, тіркелген доменндік атаулар — 33 000 -ға жуық, ал техникалық қолдаудағы сайттар саны — 20 000 -ға жуық болады. DNR клиенттеріне келісімнің қорытындысы бойынша colocation-хостинг қызметінің жаңа мүмкіндіктері, сайттарды қорғайтын ssl-сертификаттар және іздеу жүйесіндегі оларды рангтерге бөлуге, сонымен қоса таяуда шығарылған 300-ден артық аймақтық және тақырыптық доменндік аймақтарды тіркеу үшін жаңа мүмкіндіктер болатындығы хабарланды. «PS Интернет-компаниясы» клиенттері өз кезегінде Jelastic автоматтандырылған бұлтты платформасын және SMS растауды қолдана алады. Алдағы жоспарлары бойынша Никита Красулин былай дейді: «Жақын арада DNR командасы бұрынғы тәртіпте жұмыс істейді, және біз DNR қызметін қолданып жүрген клиенттер үшін бірігу үдерісі неғұрлым жайлы өтуі үшін барлық мүмкін болатын жағдайды жасаймыз. Біз DNR-дің функционалды жеке кабинеті бөлігі бойынша барлық жинақтаған жұмыстарын ескереміз және хостингті (Panel немесе Plesk бірге) басқару панелін таңдауына мүмкіндік жасаймыз». Барлық қайта құруларды 2014 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Келісімге қатысушы өкілдердің хабарлауы бойынша сату туралы инициатива Skilltex негізін қалаушы Сергей Шевченкодан шыққан. Сонымен қоса, DNR-ді сатып алу туралы идеяны ертеректе Никита Красулин да айтқан болатын. «Дамудың келесі кезеңі ретінде біз өзімізге рухы жағынан жақын келетін „ PS Интернет-компаниясымен біргуді таңдадық — дейді Сергей Шевченко. — Бұл екі жақ үшін де үлкен қадам, әрі біздің тәжірибелеріміздің бірігуінің арқасында бұл клиенттер мен нарыққа қызмет көрсетудің үздік сапасын әкелуге міндетті. Мен болсам, өз кезегімде хостинг және домендерді тіркеу нарығын тастаймын және өкілеттілігімді тапсырамын». Skilltex ЖШС басқа компанияларға сатып алу туралы ұсыныспен шықпағаны белгілі, бірақ, PS-ке айтқанға дейін «қазақстандық нарықтан тыс ресейліктермен немесе украиндармен ынтымақтасу туралы ойлар болған». Келісім сомасы жарияланбайды, бірақ инвестицияны қайтару мерзімі белгілі — жарты жылды құрайды деп күтілуде. DNR барлық негізгі құралдарымен сатып алынды. DNR қызметкерлері жаңа компанияға көшеді, ал клиенттермен келісім шарттар төленген кезеңнен кейін қайта жасалады.
2014 жыл қыркүйектің соңындағы.kz аймағындағы домендерді тіркеушілердің үлестері
PS хостингтіктік қызметті 2003 жылдан бері, ал DNR 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. KazNIC-тің 2014 жылдың қыркүйегіндегі қорытындысы бойынша .kz аймағында қазақстандық домендерді тіркеушілердің арасында PS 17,45% үлесімен екінші орынды иеленсе, ал DNR 16,2% үлесімен үшінші орынды иеленген. Келісімнің нәтижесінде PS 33,65% дейін үлесі артып, компанияның көшбасшылыққа жақындауына мүмкіндік жасалған. Hoster.KZ (үлесі 46,2%). Дереккөз: Profit.kz Қазақстанда хостингтік қызметті көрсететін екі ірі компанияның болуы қуантатын жағдай, себебі бәсекелестік болатын жерде сапа да болады. Достар, сіздер қандай интернет-компаниялармен жұмыс жасайсыз? Барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайық.

-
+6
PS+DNR=Forever!