avatar
Жақасы идея. :)
Сілтемеге өтудің қасында, сілтемені көшіріп алу батырмасы болса қатып кетер еді ия.

Шыққан нәтижені буферге автоматты көшіріп алатын болса.

avatar
Мен почталарымды тексеріп шықтым, таза секілді :)

avatar
Java — A pull round :)

avatar
Рахмет Райымбек. Мен өзімді Wordpress-те сайт жасауды жақсы білемін деп жүрсем, мына ақпараттан кейін білмейтінім өте көп екен деген ойға келдім.
wp_post-тағы post_content-те longtext қанша символға дейін ақпаратты қабылдайтын еді базасында?

avatar
Бүгін егер сайт Друпал мен Вордпресте болса соңғы нұсқасына дейін жаңартып алыңыз деген хабарлама келді. :)
www.breaksec.com/?p=6362
Яғни серверге дейін құлатып тастауға болады екен.

avatar
Хехехехе ия ия. Ерінбей жазып,іздеп көріп тексергеніңе рахмет Райымбек. Көпшіліктің сұранысына қарай өнім берсек, екі тарапқа пайдалы болмақ.

avatar
LANDING PAGE қазіргі уақытта жақсы белең алды.
Нұреке нұсқаулыққа үлкен рахмет. Өз ойымды қоса кетсем. Менің интернетім супер-пупер жылдам болмаса да 3,39 мб суретті жүктеуде мамалап кетті :)
Жалпы статистикаға жүгінсек негізгі браузердің ені орташа 1366 пиксел.

Яғни LANDING PAGE суреттің ені 1900, оны 1366 өзгертіп jpg сақтасақ сәл-сәл болса да сайт жылдам ашылатын еді.

Мынау енді бөлек әңгіме :)

avatar
Керемет ақпарат. Рахмет Райымбек :)

avatar
Ия Инкогнито жақсы мүмкіншілік. 1-браузерде отырып екі аккаунтты шұқылап отыра беруге болады :)

avatar
Керемет аударылған, түсінікті. Рахмет!

avatar
Ия индексте h1 — h6 тегтеріне мән береді. Себебі ол тегтердің басқа тегтерге қарағанда релеванттылығы маңызды. Бұл жерде релевантты деп отырғаным маңыздылығы. Ал h1 — h6 тегтеріне келетін болсақ бұлардың ішінде де ары қарай маңыздылығына қарай бөлінеді. Бір бетте бір ғана h1 тегінен артық тег болмауы керек. Поисковик боттары тақырыптың қайсы екенін ұғуы үшін, ал h2 тегі біп бетте 3-4 болса жарай береді.
h1 тегі болғанымен жалғыз ол фактор рөл атқармайды, оған тағы title тегін апарып қосамыз. Яғни title мен h1 дегі тақырып бірдей болсақ салмағы жоғарлайды.
Браузер негізінен тақырыпты title -дан оқиды. Бірақ ол роботтың көзіне шұқып тұрып шынымен де тақырып осы деп көрсету үшін h1 қосымша болмақ.
Өз тәжрибеме сүйенетін болсам мынадай қызықты байқағанмын: Wordpress шаблондарында көбіне тақырыпты h2 беріп жатады. Оны мен шаблонда h1-ге өзгерткенімде үлкен айырмашылық берді. Ақпарат іздей келе h2-ге қарағанда h1 салмағы жоғары екен.
Болмаса қазір стильдер арқылы кез-келген элементті тақырып секілді етіп қоюға болады
Cascading Style Sheets арқылы ұқсатып қойып жатады. Қайта сол h1 тегіне беріп css қолданған жөн :)
Мұндай факторлар өте көп, қазір ойлап отырмын. Әр тақырыпты жеке-жеке қозғап, мысалмен жазып көрсетуге тырысамын. ЧПУ, link, croslink, related т.б. жеке-жеке тоқталып шығамын. Әзірге қызық болса мына ақпаратты ұсына аламын. www.bing.com/webmaster/help/webmaster-guidelines-30fba23a

avatar
Қазақша контент мәселесі шынымен де өзекті тақырып болып тұрғаны…

avatar
Жазылып қойдық. Бейне сабақтарыңды күтеміз. Алға :)

avatar
Райымбек рахмет. Осы жазбаны оқып отырып, менің де кішкене болса да білгеніммен бөлісіп, сайтты қайта жандандыруға тырысатын үміт силадың. Осы сен қозғап отырған тақырыпқа өзімнің ойымды білдіріп шықсам:
Ия толықтай келісемін. Мектеп табалдырығынан аттаған соң, алғаш жөн сілтеп, бағыт ұсынатын ол — мектеп қабырғасы. Бірақ оны тежейтін біршама факторлар бар.
Өкінішке орай мен өмірлік тәжрибемде біраз жағдайларды көріп жатырмын. Оның бір мысалы ана-ана.
Республткалық олимпиадада математикадан орын алып жүрген жас баланың ата-атасы компьютерде отыруына қарсы. Өз көзіммен көрдім сондай ата-ананы. Көзің ауырады деп баласын компьютерден шектеп жатыр. Болашақта ол баладан мықты программист шығатын шығар, бірақ баланың қызығушылығын шектеуде.
Екінші жағдай ол мұғалімдер. Қазіргі кезде ауылда информатика пәні мұғалімінің орнына физика, математика пәнінің мұғалімі сабақ беріп жатыр. Отырғызып қойып сонау Windows 98 ге арнайы жазылған кітаптағы ақпаратты көшіртіп қояды. Интернеттен ақпаратты ала сал, интернетте ақпарат бар деп оқытады. Бірақ ол интернет арнайы ақпарат сақтайтын орын, онда өзің ақпарат салмасаң, дайын толып тұрған ақпарат жоқ деп оқытқызбайды. Осындай секілді факторлар көптеп тізіп айтып отыра беруге болады. Бірақ бұл шешім емес. Басқа жақтарын қарастырған жөн секілді.
Қазақтар қос тілді жақсы меңгерген. Яғни қазіргі таңда менің ойымша 80-90 пайыз қазақтар орын тілін аса бір жетік білмесе де, ақпаратты тұтынуға болатындай дәрежеде біледі. Бұл дегеніміз тек қазақша контентті тұрынбай орысша контентті де тұтына алады. Осы кезде қазақша ақпарат болмаса, орысша ақпаратты іздеп тұтына береді. Ал Экономикада қолданатындай сұраныс бер жерде, ұсыныс пайда болады. Сұраныс жоқ болса, ұсыныс та жоқ. Қазіргі кезде осындай біл сала бойынша бағытталған қазақша контентке сұраныс бар деп айта алмаймын. Қазақ тілі қатты айтқанда бытовой язык деңгейінен шыға алмай жатыр. Оны мойындау керек. Бірақ қол қусырып жылаған баланың әңгімесін айтпай, еңбек ету керек. Бүгін болмаса ертең сұраныс пайда болады. Бәрі уақыт еншісінде.
Ал енді өзіме келетін болсақ. Қазақтың баласы болсам да, қазақша осындай ойы жинақы мәтін жазып, өз ойымды емін еркін жеткізе алмаймын. Яғни жалпыға ортақ түсінікті мақала жазуым өте қиын. Өзгелер былай тұрсын, өзім жазғанымды өзім түсінбей қаламын. Оның бір себебі кітап оқымағандығым деп білемін. Қазір кітап оқиын десем де, мүлдем болмайды. Кітап мен үшін еме екен. Сондықтан жазбаларым шатасып, бір ой басында, басқа ойға кетіп қалып, бастапқы ойды соңында бітіріп жатамын :)
Менде ниет болды болашақта программист болсам екен деп. Өкінішке орай олай болмай шықты. Себебі 1 курс оқып жүргенде қарапайым Паскаль тілінде бағдарлама құра алмағанымда, болды менен программист шықпайды деп қойдым. Менімен бірге бір жылы түскен группаласым болды. Өмірі компьютерде отырмай, алғаш студент болғанда компьютерге отырды. Бірақ бәрімізді басып озып, қазіргі таңда өте жақсы программист болып шыға келді. Себебі оның ойлау қабілеті басқаша еді. Сондықтан адамның да санасына бермесе қиын екен. Қазіргі таңда досым бір универдің документ оборот бағдарламасын жазып жатыр. Қазір оған қарап отырып қуанасың.
Сондықтан адамның икемі болмаса қанша кітап оқысын, көрсетсін миында алгоритмін құра алмас ақиын.

Менің де аса бір асып бара жатқан білімім жоқ. Сол өз тәжрибемде көрген, SEO туралы жазбаларды жандандырмақ ниеттемін. Енді сол ойлап отырмын, жазба жазғанда алдымен қағазға жазатын тақырыбымның жоспарын сызып аламын.
1.
2.
3. Қортынды дегендей. Осылай жазып көрейін :) Мүмкін түсінікті, қызықты жазба жазып үйреніп қалармын. Рахмет.

avatar
Әп-әдемі қыздарды қойып қойса болады ғоҰә :)

avatar
Adblock Plus мен қолданбайды екенмін. :) Себебі қазіргі таңда қандай жарнаманың түрлері сайтта жүріп жатқанын көру үшін. )

avatar
Алдағы уақытта Android операциялық жүйесі дами түсетіні анық. Nokia-ның өзі ақыры өзінің смартфонын Android негізінде шығармақшы. Android бұдан былай нарықтың барлық саласында өзін жақсы жағынан көрсетіп, осы нарықта нықтап орнығып алса қызықтың көкесі сол кезде болады.
Бұрын Уилл Смит ойнайтын Я робот киносы ұнайтын еді. Сонда Audi автокөлігі өзі кетіп бара жатып, Смит ұйқыдан тұрғанда қолмен басқаруға көшетін еді. Міне сол Айзек Азимов-тың жазған шығармаларындағы дәурен келе жатқан секілді. Оны jarjan жақсы біледі. :)

avatar
:) жақсы екен.

avatar
Сіздің Firefox-та қолданатын қосымшаларыңыздың аттарын білуге болады ма?

avatar
Келесі айдан бастап тірілу болады. Әзірге бұл ай ұйқылы-ояуда жүрміз, демалысты қимай. :) Уақыт көрсетер, не болса да барынша тырысып бағамыз.