Сodeo жобасы туралы

Кодео – өз уақытынан озып туып, технологиялардың дамуын қалт жібермей отыратындың жиналатын сайты. Сайттың іргесінде адамдардың бірігіп жұмыс істеу моделі жатыр. IT-ді екі әріп емес, өзінің күнделікті тірлігі ретінде қарастыратын адамдардың бірлесіп, қазақ тілінің техникалық мүмкіндіктерін дамытуға құлшынған мамандардың пікір алмасуы, орта қалыптастырып, алаң құрастыру – мақсаты.
Сайттың тынысын өзінің маман-қолданушылары жасайды. Олар жеке блогтарын жүргізіп, тақырыптық қауымдастықтарды дамытады. Сондай-ақ, өзінің тәжірибесімен бөлісуіне де болады. Жақын арада еліміздегі IT-компаниялардың ресми блогтарын оқуына мүмкіндік туып, еліміздегі IT-шаралардың кестесін қарап отырады. Әрине, IT-мамандар үшін өз саласында жұмыс іздеуіне де мүмкіндік ашылады деп отырмыз.
Ортақ идея мен мүддеге жұмыс істеп келе жатқан жаңа адамдардың өз мақсатына жетуі үшін таптырмас сайт болады деп үміттенеміз, ат салысамыз. Болашақта Codeo сайты көптеген IT-мамандардың қауымдастығы жиналған орта болады деген үміттеміз.
-
+3