Google Chrome браузеріне арналған қосымшалар
Қазіргі кезде ешкім шүбә келтірмейтін шығар: «Google Chrome өте танымал браузер». Осы уақытқа дейін өз басым Opera браузерінің фанаты едім. Оған арнайы себептері бар еді.
Олар:
1. Opera Dragonfly. Өте ыңғайлы Chrome Developer Tools-тың аналогы. Мен әлі күнге дейін Opera Dragonfly-ды қолданамын. Сайт жасағанда HTML және CSS өңдеуге таптырмайтын құрал.
2. Opera Link. Link арқылы мен өзімнің закладки, браузердің баптауларын, сайттарға кіргенде қолданатын құпиясөз т.б. ақпараттарды онлайн синхрондап қолданатынмын. Уақыт өте келе OperaMobile-мен синзрондауға болатындығы ұнады.
Қазір Google Chrome-да барлық баптаулар, мен кіретін сайттар, закладкаға салынған сайттар, құпиясөздерді де Gmail аккануты арқылы ортақ бір жерге синрондап қоюға мүмкіншілік берді. Осының нәтижесінде мен еріксіз Google Chrome браузеріне көшіп кеттім.
Негізі айтпағым ол емес еді. Мен өзімнің Chrome браузерімде қолданатын қосымшалар тізімімен таныстырып шықсам.
1. Google Mail Checker.
Орнату
Gmail почтаңызға хат келсе хабарлап тұратын қосымша. Яғни қазіргі уақытта почтаңызда қанша хат бар екендігін көрсетіп, сізге белгі білдіріп тұрады.
2. RDS bar (seo: тиц, pr, dmoz, yandex).
Орнату
Мен өзім көбіне SEO-мен айналысқанды ұнатамын. Осы қосымша ашып отқан сайт туралы көптеген ақпаратты шығарып береді. Сайттың Pr, Тиц, қанша бет индексациядан өтті, сайттың Sitemap, robots.txt бар ма т.б. біршама ақпаратты көруге болады. RDS Bar Options баптауына кіріп барлық птичкаларды алып тастап Сохранить батырмасын шертеміз.
3. Resolution Test
Орнату
Егер сіз сайт жасайтын болсаңыз, әр түрлі көлемді маниторда сайт қалай көрілетінін көргіңіз келсе осы қосымша сізге көмекке келеді. Responsive сайттарды көруге жақсы құрал.
4. SaveFrom.net
Орнату
Әрине осы қосымшасыз мен браузерімді елестете алмаймын. Көптеген сайттардан видео, ән жүктеп алуға арналған қосымша.
5. Awesome Screenshot
Орнату
Толық сайттың бетін немесе арнайы белгіленген жеріннің скриншотын алуға арналған тамаша қосымша. Скриншотты алған соң компьютерге сақтап немесе сол арада Твиттер мене Фейстукта достарыңызбен бөлісуге болады.
6. Countdown
Орнату
Өте қарпайым будильник. Мен осы ноуттын алдында отырып шай қойып келіп, сосын шай қойғандығым турал есімнен шығып кете береді. Осы будильникті 5 минутқа қойып қосып қоямын. Қанша сайттың ішіне кіріп кетсем де осы будилникке «Шайыңды іш Ербол»- деп жазып, қолданатын болдым. :) Сіз қалаған мақсатыңызда қолданыңыз.
p.s. Сіз браузеріңізде қандай қосымшаны қолданасыз. Бөлісе отырыңыздар, мүмкін бізге де қызықты қосымша болып қалар.
-
+1
Маған хромның файрбагы ұнамады әлде мен қолдана алмадым. Мен Файрфокс қолданамын. Қолданатыным сол файрбаг, ХТТП Хидерс, Уапалайзер ммм, болдау дейм.
1) google mail checker — мен Gmail әрқашан да ашық ұстап отырамын
2) қолданбаймын
3) Responsive Design Mode Файрфокспен бірге келеді
4) қолданбаймын
5) Скриншотты Файрфокстың өзінен түсіруге болады
6) қолданбаймын