Мақалаға тақырып қоюда Гугл және Яндекс мүмкіншілігін қолдану
Кейде ойда жүрген істерді кейінге шегере берудің мастері екенмін. Қой бұл қажетсіз ойымнан айнып, көпшілікке пайдалы болып қалатын жазбамды жазып тастайын.
Айтайын дегенім әлі үнге дейін мақала, жазбаларға дұрыс тақырып қою керектігін айтып келемін. Әлі талай уақыт айтып жүретін де секілдімін. Интернетте, интернет-журналистикада, SEO-да жалпы интернетте контент жасайтын салада Копирайтинг деген термин бар. Копирайтингтің не екенін сілтеме бойынша өтіп оқуға болады.
Сапалы контентті жазу бір бөлек және оны қалыққа жеткізе білу бір бөлек. Жазылған пайдалы контентіңіз халықтың пайдасына жарамаса неге жаздыңыз?-деп тіке сұрап көрейін :)
Жә-жәрайд. Өте түсінікті, оқуға жеңіл контентті жазудың мастері емес екенмін. Қайдағы жоқты қумай тіке іске көшейін.
Мұнда мен журналистерге, контент жасаушыларға, блогерлерге қалай тақырып қою керектігіне мысал келтіріп кетейін.
1. Адамдардың ақпаратты қалай іздейтіндігін Гугл және Яндекстің көмегі арқылы анықтап, тақырыпты солай қойып үйренейік.
1.1 Алдымен Гугл Хром браузерін ашып, Инкогнито режімінде қосыламыз. Ол үшін Хром браузерін ашып Ctrl+Shift+N пернелерін бассаңыз жеткілікті.
1.2 Жазылған жазбаңыз не туралы, сол сөз бойынша кілттік сөзді анықтап алып google.kz сайтына кіріп іздеу өрісіне жазыңыз.
Мысалы: Сіз арықтау, азужолдары туралы нұсқаулық жазсаңыз, онда іздеу өрісіне Арықтау деп жазып іздеу батырмасын басыңыз. Сізге іздеу нәтижелеріндегі ақпараттар легі шығады және оған қоса ең соңында Вместе с арықтау часто ищут деген хабарламаны көресіз. Яғни қолданушылар осы арықтау сөзімен қоса қалай ақпарат іздейтіндігі. Тиісінше сіз тақырып қоярда мысалы: Арықтау диетасына 5 қадам деп тақырып қоятын болсаңыз сіздің жазбаңыз аса бір көп уақыт өтпей-ақ іздеу сайттарының алдыңғы қатарынан бірақ шығады. Себебі мұнда қолданушы Арықтау диетасы деп жазғанда тақырып бойынша кілттік сөздер кездесіп тұрғандықтан жазбаңыз алдынғы орыннан көрінеді.
Яғни қалай тақырып қою керектіген Гугл досымыздың өзі жөн сілтеп отыр.
2. Ендігі кезекте Яндексті қажетімізге қолданайық. Яндексте Подбор слов wordstat.yandex.ru/ бөлімі бар. Мұнда сіз кілттік сөзді жазу арқылы, ол сөздің қанша мәрте ізделінетіндігі және ол сөзбен қосылып қандай кілттік сөздер жазылынып сұраныста бар екендігін қарасаңыз болады.
Бұлардың барлығы сіздердің тақырыпты дұрыс қоюларыңызға жақсы нұсқаулық болады. Көрші ресейдің копирайтерлері осы Яндекстің Подбор слов мүмкіншілігі өте жақсы қолданып келеді. Біз де өз қажеттілігімізге қолданайық. Егер сіз сапалы контент жазып, ол ақпараттың қолданушыларға тіке әрі жылдам жетіп, кәдесіне жарасын десеңіз қолданушылардың қалай ойлап, ақпаратты қалай іздейтіндігін білгеніңіз абзал. Экономиканың заңы бар: Сұраныс бар жерде, ұсыныс пайда болады. Бірақ еңбекпен жазған ақпаратыңызды дұрыс ұсына білмесеңіз, көздеген мақсатына жетпей қалу қаупі бар. Яғни бүгін ақпаратты әлеуметтік желіде сілтемемен бөлісу арқылы оқуы мүмкін, бірақ болашақта іздеу сайттары арқылы іздеген қолданушы таппай жатады.
Сондықтан достарым, журналистер, блогерлер өзіме түсінікті боса болды деп немесе газеттің стильінде тақырып қоюды доғаруларыңызды сұраймын.
p.s. Жазған контенттеріңіз іздеген қолданушылардың алдынан бірақ шықсын, Аумин!

-
+3
«Тақырыпты қою» деген сөзді қара:
Енді «тақырыпты таңдау» дегенді қара:
Яғни екіншідей етіп тақырып таңдағаныңда, мақаланы іздеуіштерден табу мүмкіндігі жоғарылау болатын еді =)
P.S. қалжың, әрине, мақалаға рақмет!