Бағдарламалау тілін қару десек, әр бағдарламалау тілі қандай қару болар еді
-
raimbek
- Бағдарламалау / 3 қыркүйек 2014, 13:43
- 3484
Сәрсенбінің сәтті күні мына қызық Бьорн Типлинг-тің мақаласын ұсынамын. Ол бағдарламалау тілдерін қару ретінде алып, олардың қайсысы қандай қаруға ұқсататынын жазған. Әзіл мақала болғанына қарамастан әр тілдің артықшылығы мен кемшілігін байқауға болады )).

C — M1 Garant винтовкасы, ескі, бірақ сенімді.

С++ — нунчаки, Брюс Ли-дің қолында ең мықты құралға айналады, тек оны пайдалануды үйренуден алдын денеңнің біраз жері көгереді және көп уақыт кетеді. Кейн басқа нәрсе неге таңдамадым деп ойланып қаласың.

Perl — молотов коктейлі. Өткен ғасырда кеңінен пайдаланылған, бірақ, қазір де пайдаланылып тұрады.

Java — 240G пулеметі, бірақ егер лента NullPointerException-да қыстырылып қалса, қару жарылады да атқыштың өзін өлтіреді.

Scala — бұл жоғарыда айтылған 240G пулеметі, бірақ оның нұсқаулығы бір түсініксіз диалект тілде жазылған. Соншалық түсініксіздігінен оны көпшілік жай сандырақ деп түсінеді.

JavaScript — тұтқасы (н/се сабы) жоқ семсер. (кейде адамдар өздерін кесіп алмау үшін CofeeScript секілді тұтқалар жасайды, бірақ оның өзі кесілуден сақтамайды)

Go — қоқыстан тауып алынған бөлшектерден қолдан құрастырылған «if err != nil» тапанша. Сонымен бірге ол бос орынның орнына tab-пен атады.

Rust — 3D принтерде шығарылған тапанша. Әлі жас және сенімсіз, бірақ күндердің күнінде оқ атады.

bash — бұл қарапайым балға, жұмыс кезінде оған барлық нәрсе шеге болып көрінеді, керек десеңіз сіздің саусақтарыңыз да.

Python — екі ауызды мылтық, бірақ тек біреуімен ғана атады. Әркім өзіне ұнаған ауызбен атады.

Ruby — асыл тастармен өрнектелген семсер. Жалпы алып бара жатқан ерекшелігі жоқ, бірақ әдемі көрінеді, көпшілігі сол үшін де оны таңдайды.

PHP — шланг, онымен өлтіру үшін двигательден шығатын газды машина салонына жіберіп, двигательді қосу керек.

Mathematica — төменорбиталды лазерлі зембірек. Көп қызық нәрселер жасай алады, бірақ оны көп адамның қалтасы көтермейді.

C# — әлсіз есекке орнатылған күшті лазерлі зеңбірек. А, иә, ол есексіз ешқалай жұмыс жасамайды.

Prolog — жасанды саналы құрал. Әрине, ол сіз айтқан барлық нәрселерді істейді, бірақ сонымен бірге, өткен уақытқа қайтып сіздің анаңызға шабуыл жасайтын терминаторларды пайда қылады.

Lisp — қауіпті кесетін құралдардың жиынтығы. Тең ең қауіптілердің қолдында пайдаланылады.

+3