Қолданушы сайтты қалай көріп өтеді немесе Айтрекинг дегеніміз не?
- yerbol89
- Графикалық дизайн / 16 қаңтар 2014, 11:09
- 3636
Интернетте Айтрекинг деген түсінік бар. Айтрекинг– дегеніміз бұл қолданушылардың сайтты қалай көретігдігі туралы зерттеу. Сіздерге зерттеушілердің байқаған пайдалы 10 кеңесін жазып өтсек.
1. Сайттың сол жақ бұрышы қолданушының бірінші назарында болады.
Көптеген зерттеулердің нәтижесінде байқалғандай, сайтқа бірінші кірген қолданушы сайттың сол жақ бұрышына назар аударады. Төмендегі суретке назар аударсаңыздар қолданушының бірінші көзі қайда көбірек түсетіндігі көрсетілген.
Мұндай зерттеудің нәтижесін Yahoo да растап отыр. Көбіне логатиптің сайттың сол жақ бұрышында орналасуының негізгі тиімділігі осында.
Гутенберг диаграммасы туралы естігеніңіз бар ма? Ол диаграммада қарапайым қолданушы назарыны яғни контентті қалай көретіндігі жақсы көрсетілген. Диаграмма:
2. Қолданушылар F әріпінің шаблоны бойынша оқиды.
Ал енді қызықтың көкесі осында. :) Басым бөлік сайтқа кірген қолданушылар ақпаратты оқымайды, сүзгілейді(сканируют). 2008 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша, мәтінде тек қолданушылардың 28% ғана оқиды екен.
Айтрекинг зерттеуі қолданушылар F әріпі секілді сайтты оқитындығын растап отыр.
3. Қолданушылардың назарын аудару үшін үлкен әріппен жазылған кіріспе тақырыпты қолданыңыз.
Кіріспе тақырыпты үлкен әріппен немесе қарайтылған етіп жазыңыз. Зерттеудің нәтижесі бойынша 95% қолданушы кіріспе тақырыпты толық оқып шыққан.
SmashingMagazine онлайн журналының барлық тақырыбы осылай басталады:
4. Қолданушылар тек іздеудің бастапқы бірінші нәтижесіне қарайды.
Егер сіздің сайтыңыз Google-да 2 немесе 3 орыннан көрінетін болса, онда сіз сайтыңызға келетін трафиктен айрылдым деп ойлай беріңіз.
Google бойынша Айтрекинг зерттеуі көрсеткендей көптеген қолданушылар тек бірінші нәтижені шертіп, қалған нәтижені қажетсінбейді. Яғни тек бірінші сілтемені шерту арқылы ары қарай сайтқа өтіп, 2-3 орындағы сілтемеге назар аудармайды.
5. Негізгі контент бірінші ашылған бетте орналасуы қажет.
Қолданушылар сайтта қалай скролинг жасауды біледі, бірақ кейде олар төменге қарай бетті жылжытқысы келмейді. Сондықтан мейлінше біршама ақпаратты сайттың негізгі жүктелгенде ашылатын бастапқы жеріне орналастырыңыз.
6. Беттің сол жақ беті, оң жақ бетке қарағанда көбірек назарда болады.
Интернет қолданушылардың 69% пайызы өзінің уақытын сол жақ бөлікті қараумен, ал 31% оң жақты қараумен өткізеді екен.
Сайт жасарда осы сол жақ менюді назарға аларсыз. Amazon сайтының өзі осы сол жақ менюді қолданады:
7. Жоғарғы сапада үлкен суреттер қолданыңыз.
Сайтыңызда үлкен көлемді әрі сапалы суретті қолданыңыз. Адамның суреті көбіне тартымды болады. Highrise сізге қарап күлімдеп тұрған, өздерінің тұтынушыларының суретін қолданады.
8. Смартфондардың суретін қолданыңыз. Көбіне Apple өнімдерін қолдану жақсы нәтиже береді.
Eyetrackshop зерттеуінің нәтижесі көрсеткендей Android негізінде жұмыс істейтін HTC, Motorola және Samsung-қа қарағанда Apple iPhone және iPad суреттері мейлінше көп назар аудартады. Орта есеппен қолданушылар iPhone суретіне 2,3 секунд, ал iPad суретіне 2,4 секунд қарауға құртады екен :)
9. Қолданушылар үлкен тақырыпқа көп мән береді.
Қолданушылар тақырыпқа 1 секунд уақытын құртады. Егер сіз 2-3 үлкен тақырыпты қолданатын болсаңыз қолданушы тек бірінші тақырыпқа назар аударады. Ал қалғандарын тек сұзгілейді.
10. Сайтқа кірен қолданушы 1 секнуд болмай жатып сайт туралы әсерді алады.
Миссурийс университетінің зерттеуі бойынша қолданушы бір секунд болмай жатып, сайт туралы алғашқы әсерді алып үлгереді екен.
Интернет қолданушы 2,6 секунд ішінде сайтты сүзгілеп өтіп, содан кейін барып арнайы бір ақпаратты іздеуге кіріседі.
Қолданушылардың ең көп назарын алатын аймақтар:
p.s. Сіздің де алып қосар пікірлеріңіз болса, осында талқылап көрейік :)
Ақпарат көзі: Сonversionxl

- Логотип. Логатипті сүзгілеуге 6,48 секунд уақыт жұмсайды.
- Негізгі меню. Менюге де жобамен 6,44 секунд.
- Сайттан іздеу – жобамен 6 секунд.
- Facebook және Twitter сілтемелеріне – 5,95 секунд.
- Сайттың негізгі суреті – 5,94 секунд.
- Сайттың мәтіндік контентіне – 5,59 секунд.
- Сайттың төменгі жағы – 5,25 секунд.
p.s. Сіздің де алып қосар пікірлеріңіз болса, осында талқылап көрейік :)
Ақпарат көзі: Сonversionxl
-
+3
1. Логотип қазақи оюмен.
2. Үлкен сапалы сурет. Қазақстанның әсіресе әсем жерлері, табиғат аясы. (background-та)