Не үшін тышқанның курсоры қисайып тұрады?!
- coderman
- Блог- coderman / 27 ақпан 2014, 17:00
- 2092
Ешқашан не үшін барлық компьютерлік жүйелердегі тышқанның курсоры қисайып тұратынын ойланыпта көрпеммін. Не үшін курсор тік емес, қисайып тұрады?!
Компьютерлік тышқанды ойлап тапқан Дуглас Энгельбарттың айтуынша ол курсорды ↑ иә дәл осылай жоғары қаратып салған екен.
Өз кезегінде компьютерлік жүйелердің графикасын жасаушы Xerox, дәлірек айтқанда — Palo Alto Research Center айналысты, бұл компанияның ғылыми зерттеу бөлімі болатын. XEROX PARC құжатында келтірілгендей ең алғаш графикалық интерфейске ие компьютер 1981 жылы пайда болды.
Осы жобаны жоспарлаушы инженерлер келесі түйінге тап болды. Сол кезедгі мониторлардың қазіргідей еместігі, өлшемдерің өте кіші болуы себеп, тік тұрған курсор керек деңгейде көрінбеді, кей жағдайларда мүлде көрінбей қалды. Ақыр аяғында инженерлер бұл проблеманың шешімін тапты, олар курсорды 45градус сол жаққа қисайтты.
Осыған 30 жылдан астам уақыт өтседе, сапасы тамсандырар мониторлар шықсада сол баяғы курсор баяғысынша қалды.
-
0