Халыққа Интернет керек (Ubuntu шлюз)

Виндоус анау, виндоус мынау деп жатудың қажеті жоқ шығар, қолымызда убунту орнатылған сервер, бір интерфейсіне (сетевая карта) провайдерден Интернет келіп тұрса, келесі интерфейсі офис желісіне қосылған. Жалпы дәл мынадай болады деп жазу мүмкін емес, себебі әр сервер өзіне жүктелген қызметке байланысты сәйкесінше бапталады. Біздің мысалда тек жалпылама баптау, одан әрі түрлендіру өз еріктеріңізде. Сервердің eth0 интерфейсіне интернет келіп...


  • +7

Usb 3g модем және Ubuntu роутер

Ауылда интернет қатық, әрі қымбат. Қазақстанымыздың түкпір-түкпірлеріне кең жолақты интернет жетті деп ауыз толтырып, көкірек соғатын қазақтелекомға қаладан бес шақырым жердегі ауылға интернет түгелі жай телефон әкеле алмай отырғаны үлкен сын. Бірнеше рет барып, табалдырықтарын тоздырғам, биылғы жоспарға қосамыз деп шығарып салды соңғыда. Дегенмен телеком қашан келеді деп отыра берген де болмайды, қазтранскомға да жазғам. Олар кетәрі емес тек...


  • +3