Керек ақпарат екен, мен Color space деген қосымшаны жиі қолданамын, бұл сайт жасайтын жігіттерге керек болар, сізге бір түстің коды керек болғанда оны алыстан іздеп отырмайсыз.
Бұл жерде Цифровой деген сөздің баламасы ретінде алынып отыр, жалпы технология саласында қазақша баламалар өте тапшы, оны сайт басқару жүйелерін аударумен айналыссаң түсінесің.
Жалпы өте құнды танымдық ақпарат, сондықтан ұсақ түйек посттың тақырыбы, жазылуы жағындағы логикалық қателіктер кездесіп жатса аса мән бермей ақ қояйық.
Рахмет, жол көрсеткендей болдың, енді осы скрипттердің атауы ағылшынша білмейтін адамға қиынға соғады екен, білетін адам атына қарап ақ қандай функция атқаратындығын біле алады.
Сайт басқаруға байланысты көп сөздер бар еді басты қатырып жүрген, Followers дегенді оқырмандарым деп аударсаң мағына тарылғандай болады, ол сізді тек қана оқымайды ғой, сосын my following деген бар, оны назарымдағылар деп аударуды ұсынамын, жалпы сайтқа байланысты көп аудару қиын терминдер, сондықтан осы ІТ терминдерге бір қауымдастық ашуды ұсынамын, сол жерде талқылап тұрсақ.
Дұрыс айтасың, өзіме де ұнамайды, бір ғана артықшылығы бар ол бағасы, ал былай трафикті шектейтін сияқты, сервердің ресурстары көп кетіп жатыр деп кеше жылап жіберді.
});
суреттің сілтемесі қайда тұр? соны түсінбедім?