Қандай хостинг қолданасыз?



Келтірілген хостингтердің қайсысын қолданасыздар?
Қандай жақсы жақтары бар?
Қандай проблемалы тұстары бар?
Шет елдік хостингтер туралы не айта аласыз?

  • +1
17 пікір
pedagog
Менің қолданатыным мынаның ішінде жоқ екен, nhost.kz
yerbol89
Сәке осы nhost.kz не үшін қолданасыз?

Мен мысалы ps.kz хостингін ұсынамын, қолданамын. Қазір көптеген мен жасайтын сайттар осы ps.kz хостингінде. Себебін жазып шықсам.
Бағасы: Тиімді F-4 тарифті 6 мың теңгелік хостингті тұтынамын көбіне. 1 гб орын қажеттілікті қамтамасыз етеді.
Сервис: Ия мойындау керек, сервирстерінде орыс тілді адамдар қызмет етеді. Қазақша түсінбейтін шығар, бірақ мейлі түнгі 5-6-да звандап немесе арнайы ps.kz сайтының техподдержка бетіне өтіп хат жазсаңыз 10-15 минуттың ішінде мәселені шешіп береді. Яғни өте жоғары сервисімен ұнайды.
Төлем: Кез келген төлем жүйесімен хостинг ақысын төлей беруге болады. Ыңғайлы.

Қателеспесем өте көп қолданушы кіретін zharar.com сайтының өзі осы ps.kz хостингінде тұр, әзірге осы codeo.kz/ сайты да осы хостингте орналасқан.
pedagog
Дұрыс айтасың, өзіме де ұнамайды, бір ғана артықшылығы бар ол бағасы, ал былай трафикті шектейтін сияқты, сервердің ресурстары көп кетіп жатыр деп кеше жылап жіберді.
yerbol89
Ағасы сол 2 мың теңгені үнемдеймін деп қаншама уақыт, қаншама физикалық және психологиялық күш жұмсайсыз. Әрине практика практика практика ғой, бірақ қаншама уақытты жұмсап әуреге салынудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Жылына 5 мың теңгелік тарифтегі хостингтер әлде қайда жақсы секілді.
tolebi
Мен де сол ps.kz қолданамын. Сенің айтқандарыңның бәрі менің пікіріме дәлме дәл.
Erbolkz
bluehost.com мен тұтынатын хостинг
yerbol89
Ереке шетелдік хостингтер жақсы ғой. Бағасы өте төмен. Бірақ елімізде арнайы заң қабылданғаны бар еді, 2010 жылдан кейінгі тіркелген домендердің хостингі Қазақстан аумағында орналасқан хостингтерде орналасуы қажет деген. Егер сайтыңызды тексеріп, хостинг шел елде орналасса онда доменді жай ғана тартып ала-алады. Сайт ашылмай қалды деп ойлай беріңіз :)
Erbolkz
Иә, Ербол ол заңды білемін сайт szh.kz сияқты танмалды болса отандық сайтқа көшерміз
Erbolkz
+1 қоямын ба десем -1 басылып кетті ғой
SaboniS
мен өзім мемлекеттік хостингті пайдаламын :) яғни Қазақтелекомның ұсынатын хостингі idhost.kz. О баста соны пайдаланып үйреніп қалғандықтан ба өзіме соны жақын тартам. Ал PS.kz-ке келетін болсақ, 1 заказымды сол хостингте жасаған болатынмы, айта кететін болсам, ҚазнетДода-да маған жүлделі 1-ші орын сыйлаған ruhanyat.info сайты. Сол сайтты жасау барысында хостинг тарапынан біршама қателіктер болған еді, сол кезде поддержкаға хабарласқаз кезімде, олар маған быраз уақыттан соң жауап берді, сосын мен сұраған қазақ тілінде жауап беретін мамандар болған жоқ, тағы қоса айта кетсем интерфейсі түсініксіздеу көрінді :)
pedagog
Көп адамдар hoster ді ұсынады, қандай артықшылықтары бар екен, кім пайдалады?
nurzhol
1. Тех. қолдау қазақша жазылған проблемаларды уақытында шешеді;
2. Бағасы тиімді;
2. Тех. қолдау қызметкерлері жұмысты жақсы атқарады. Әзірге претензия жоқ. Шамамен 2 жыл болды. Бірнеше хостинг, әр хостингте бірнеше доменнен жатыр.
tolebi
ps.kz тарифтеріНұржол бауырым «Бірнеше хостинг, әр хостингте бірнеше доменнен жатыр» PS KZ те солай, ең арзанының өзінде бір хостингте бірнеше омен жата береді.
izbasar
prostohost.kz дегеніміз сол nhost.kz. кеңесімен Ps.kz ауысып жатырмын. Ереке Нәтижесі қанша уақыттан кейін болу мүмкін.
n-11
Hoster.kz өзіме ұнайды. Бірақ Ербол рs ұсынып жатыр екен соны қарап көрмеске.
tolebi
ps.kz көбісі қолданады екен ғой))
rymbek
Менде бәрі Хостерде. Бағасы, тех.көмек сияқты
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.