Samsung Galaxy Note 4 пен LG G3 смартфондарын салыстыру

Электронды техника бұйымдарын шығарумен аты әйгілі оңтүстік кореялық екі алып компания өз елі ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де бір бірімен бәсекелес, Samsung өзінің сәтті шешімдерімен, сапалылығымен смартфон нарығында өзгелерге дес бермей келеді. Бұдан, басқа смартфон өндірушілердікі сапасыз деген қорытынды шықпайды. LG компаниясы да өз отандасы Samsungтан қалысар емес.

Samsung ең алғаш болып, Galaxy Note деген атпен шектен тыс үлке экранды смартфон шығаруды батыл қолға алған еді, алғашында оны ел арасында күрек телефон деп мысқылға ұшырағанымен, бұл телефонның нарықта жолы болды, бірінен соң бірі Note 1, Note 2, Note 3, Note 4 смартфондары халық арасында сұранысқа ие бола түсті. Үлкен экранды ақылфондардың сұранысқа ие екендігін көре салып басқалар да қарап жатпады, үлкен экранды смартфон шығаруға мән бере бастады.

Біз бүгін осы екі алыптың екі смартфонын салыстырып көрмекпіз:
20140908032809908

 

Алдымен екі смартфонның көлемін салыстырайық:

20140908032851806

 

Galaxy Note 4  биіктігі мен ені жағынан LG G3 тен ұзындау, қалыңдығын салыстырсақ Note 4 жұқалау.

 

20140908042857244

 

Салмағы жағынан Note 4   бақандай 26 грамға ауыр екен.

 

20140908043031315
Note 4 тің артқы бөлігі жасанды теріге ұқсас материалдан жасалса, LG G3 тікі  металдан жасалған.

 

20140908043202632
Түстеріне келсек ақ, қара, алтын түс екеуіне де ортақ болып, Note 4 ке күлгін түс қосылыпты, ал LG   болса оған қызғылт және көгілдір түс қосыпты.

 

20140908043401151
Экран көлемі жағынан LG G3  қарсыласына сәл ғана жетпей тұр. 5,5 дюйм, ал Note 4 болса  5,7 дюймдық экранмен жабдықтаған.

 

20140908043516477

 

Экранның сезімталдығы жағынан  екеуінде де бірдей 2560х1450 болса да, дисплейдің тығыздығы жағынан LG G3 538 ppi болып қарсыласынан артықтау.

 

20140908043732905

 

Дисплейдің материалына келсек Note 4 ке Super AMOLED орнатылған болса, LG G3   IPS  дисплейімен жабдықталған.

 

20140908043854166
Қосымша қаламы бар және жоқ. сонымен бірге бармақ ізін сезу жағынан Note 4  алда тұр. Суға шыдамдылығы жағынан бұл екеуі де өлшемге толмайды деп саналады.

 

20140908044359532

 

Қуат көзінің сыйымдылығы жағынан тағы да Note 4 алда тұр. қутты үнемдеу жағынан да Note 4 ке салынған дисплейдің ұтатын жері көп. Қуттау жылдамдығы жағынан Note 4 тағы да алда тұр, қуат көзін 50% ға дейін толтыру үшін оған тек 30 минут уақыт жеткілікті.

 

20140908044851511
Камераның тұнықтығы жағынан 3 милион 700 мың пикселдік алдыңғы камера және 16 милион пикселдік артқы камерамен   Note 4 тағы да озып шыққан,   LG G3 ке болса  2 милион 100 мың пикселдік алдыңғы камера және 13 милион пикселдік артқы камера орнатылған.

 

20140908045420316
Ішкі жадысын салыстырсақ  Note 4 тің 32 GB  ішкі жады және оны сыртқы жадының көмегімен 64 GB қа дейін кеңейтуге болады,  LG G3 тің 16 ақ gb ішкі жадысы және оны 32 GB қа дейін ғана кеңейтуге болады.

 

20140908045620271
Екеуіне де 4 ядролы Soc процесрі салынса да, жиіліктері 2,7 GHz және 2,5 GHz болып Note 4  сәл де болса ақпаратты тез өңдей алады.

 

20140908050042260

Орнатылған бағдарлама системасы екеуінде де бірдей Android 4.4 KitKat

  • +1
1 пікір
pedagog
LG соңғы кездері қарқындап өсіп келеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.