Браузерге қатысты терминдердің қазақша дұрыс аудармасы
- yerbol89
- Локализация / 26 желтоқсан 2013, 16:23
- 3839
Достар Локализация санатында IT саласына қатысты сөздердің баламасын талқыласақ қалай қарайсыздар.
Бүгін Google Chrome браузерін жылдам істетудің 6 жолы жазбасын жазу барысында кейбір термин сөздерді қолданып, жалпыға түсінікті терминдермен жазбаны жазуда қиындық туғызды. Өзім Ғылымин информатика мамандығында оқыған студент кезден бастап жүйелі жалпыға ортақ терминдердің қалыптаспағандығын байқадым.
Мысалы: База данных аудармасы қалай жазған дұрыс. Мәліметтер қоры немесе Деректер қоры
Осындай браузерге қатысты терминдерді ұсынсам. Қалай аударылғаны дұрыс.
по умолчанию-келісім бойынша
расширения-қосымша(дополнительно) келмейді?
приложение-бағдарлама(программа) келмейді?
шрифт-қаріп?
тема, темы, тема -кескіні?
процессы-амалдар
Разработчики-бағдарламаушылар?
адресная строка -мекендік қатар? немесе URL мекен
Тағы да браузерге қатысты қандай терминдерді білесіздер?
-
+2
Өз тарапымнан осындай ұсыныс бар:
Парақ деп қалсын.
Бет деген сөз, бір біріне ұқсас парақтар немесе бір кітаптың парақтары сияқты.
Ал, парақ сөзінде индивидуум бар сияқты. Яғни, бірінші мысал, қазір әл. желілерде адамдардың беттері десек қате болады. Себебі, ол желіде бір адамның беттері емес, көп қолданушылардың парақтары орналасқан. Лендинг пейдж дейді ғой, дара парақты сайт. Оны дара бет дей алмаймыз. «Бет» сөзін парақтың суб пейджі ретінде қолдануға болатын сияқты.
Парақты жыртып алып әжетханаға баруға болады [қалжың]
1. Төмендегі екі сілтемеге өтіп, пейдждің анықтамаларын мұқият қарап шығуды ұсынамын:
— en.wikipedia.org/wiki/Page
— ru.wikipedia.org/wiki/Страница
2. Екі сілтемеде де анық жазылған: пейдж — екі жақ «бетін» көруге болатын парақ. Яғни, бет — парақтың екі жағы.
3. Кей жағдайда, бұл сөздерге веб сөзін қосу керек. Сонда веб-бет үндестік заңы аздап бұзылады. Веб-парақ айтуға ыңғайлы.
4. Қайталап жазамын, «парақ» сөзінде индивидуум бар. Яғни, тек қана интернетте емес, бұл сөзді басқа да салаларда қолдана беруге болады, ауқымы кең. Ал, «бет» сөзі парақтың бөлшегі ғана болғандықтан, басқа салаларда қолдануда шеңбері тарланып қалатын сияқты. Басқа салалар не деген сұрақ болса, жоғарыдағы ағылшынтілді сілтемеде жазылған.
по умолчанию-үнсіз келісім бойынша
расширения-қосымша келетін сияқты
приложение-бағдарлама келеді, өйткені приложение — прикладная компьютерная программа, демек, бағдарлама сөзін екі сөздің аудармасы ретінде қарастыруға болады
шрифт-қаріп әрине
тема, темы, тема -кескіні хм, тіл байлығымыз өте нашар екенін сезініп отырмын ))
процессы-амалдар білмедім
Разработчики-бағдарламаушылар иә
адресная строка білмедім, бірақ URL мекен келмейтін сияқты, мүмкін адресс қатары деп қалдыруға болатын шығар
extension расширение кеңейту
application приложение қосымша
font шрифт әріп
process процесс барысы [істің барысы]
? [ағылшыншасы қалай] тема тақырып
coder разработчик бағдарлама жасаушы [жасаушы]
address line адресная строка адрес жолы
десек ше?
по умолчанию — бастапқы
расширения — кеңейтім
приложение — қосымша
шрифт — қаріп
тема, темы, тема — айдар (лақап XD)
процессы — (операционная система — амалдық жүйе) — әрекеттер
Разработчики — жасақтаушылар
адресная строка — мекен-жай жолы
"әрекет" деген де ұнайды.
расширения — кеңейтім емес кеңейтілу десек?
приложение — қосалқы бағдарлама
шрифт — қаріп (осы күйінде қала берсін :))
тема, темы, тема — кескіні немесе қаңқа, ойткені шаблон деген сөз быраз жерде қолданылады, мысалы фотошоп бағдарламасында да бар, суреттердің шаблоны дегеннен көрі суреттердің кескіні деген дұрыс шығар, немесе қаңқасы, қаңқасы деген бір түрлі естіледді, өлген адамның денесі деген сияқты :)
процессы — әрекеттер деген дұрысырақ көрінеді
Разработчики — бағдарламаушылар деген келмейді, бағдарламашылар немесе разработка — жасау деген сөз, жасаушылар деген дұрысырақ шығар, бырақ алғаш естіген кезде жасаушылар деген ынғайсыздау естіледі екен :)
адресная строка — адрестік жол?
Немесе мына аддонды қойып көруге болады: addons.mozilla.org/en-US/firefox/addon/kazakh-kz-language-pack/
Мына жігіттер аударған дейді:
Baurzhan Muftakhidinov
Timur Timirkhanov
Zhanbolat Satybaldinov
Dauren Sarsenov
Ұсыныстар бар болса, хабарласыңыз.