Қытай ІТ әлемін «Wechat» арқылы жауламақ

Wechat – қазіргі таңда Қытайда адамдар арасындағы байланыстың ең тамаша құралына айналды. Қытайша аты 微信 яғыни weixin деп оқылады, ағылшына және басқа шет тілдерінде wechat деген атпен белгілі, өндіруші Қытайлық 腾讯 яғыни tencent компаниясы, Wechat тың арнайы сайтының орысша нұсқасы мына жерде, Әлемдегі ең ықпалды әлеуметтік желілермен интеграцияланған, тіпті ұялы ңыздың байланыс тізіміндегі кез келген адаммен қосыла аласыз, аудио түріндегі хабарламалар алмасу жағында көшбасшы деп айтуға болады, өте жылдам. Бұған қарап мұны жәй мессенджерлердің бірі деп қарамаңыз, мен мұны ұялы маркетинг үшін өте қолайлы деп айтар едім. Өйткені бұл толыққанды ешбір аналогы жоқ, ұялы телефондарға арналған әлеуметтік желі, танымал әлеуметтік желілердің ұялы нұсқалары мұнымен бәсекелесе алмайды. Бұл қосымша арқылы өз сайтыңызды да жарнамалай аласыз, ол үшін сайтыңызға wechat тың бөлісу белгішесін орнатасыз, белгішенің үстінен шерткеннен кейін ол сізге QR кодын құрастырып береді, оны wechat тың арнаулы функциясы арқылы сүзгіден өткізсеңіз сайтыңыз wechat тың достармен бөлісу бетінен пайда болады, сынап көргіңіз келсе сайтыма орнаттым,www.ped.kz сайттың төменгі сол жақ бұрышында.
Сонымен қандай функциялары бар бұл құралдың? ол туралы мына жерде орысша жазылған, сол жерден өз платформаңызға соңғы нұсқасын жүктей аласыз, андроид үшін гугыл плейге wechat деп іздесеңіз жеткілікті.
Қосымша сұрақтарыңыз болса пікір түрінде талқылайық.

  • +2
12 пікір
cray
WhatsApp-тың тағы бір клоны. Одан басқа Telegram да бар
pedagog
Қолданып көрдің бе?
pedagog
Бірінші қолданып көр, whatsapp ты қолданып жүрміз ғой, бірнеше жылда Қазақстанға да таралады, өзің ақ орнатасың сол кезде.
cray
Айтпақшы, сайтыңыздың логотипі туралы.
Digital — Цифровой — Цифрлік
Numeric — Числовой — Сандық.
pedagog
cray
Википедияда әркім жаза алады, оған сене беруге болмайды.
pedagog
Бұл жерде Цифровой деген сөздің баламасы ретінде алынып отыр, жалпы технология саласында қазақша баламалар өте тапшы, оны сайт басқару жүйелерін аударумен айналыссаң түсінесің.
pedagog
Ой масқара сен кәсіпқой аудармашы екенсің ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.