WhatsApp енді Mac және Windows жүйелері үшін арнайы бағдарламасын шығарды

Компания осыдан 16 ай бұрын мессенджерді веб арқылы пайдалануға болатындай етіп жасап еді. Енді Mac және Windows пайдаланушылары месенджерді арнайы жеке бағдарлама арқылы пайдалана алады. Бағдарламалар Windows 8 және одан жаңаларына, Mac OS X 10.9 (Mavericks) және одан жаңаларына қолжетімді. Десктоп нұсқасы Android және iOS үшінгі бағдарламалардың барлық мүмкіндіктерін қамтитын болады. Өз аккаунтыңызға қосылу үшін QR кодты...


  • +2

Google Chrome мобильді браузерінің пайдаланушылар саны 1 миллиардтан асты

Бүгін компания Chrome мобильді браузерінің пайдаланушылары туралы статистиканы жариялады . Android және iOS жүйелерінің қайсысында қанша пайдаланушы екенін әлі компания айта алмайды. Әрине, оның негізгі пайдаланушылар саны Android жүйесінде. Осы мәліметке қоса компания браузердің пайдаланылуы туралы қызықты инфографика жариялады: Ай сайын 771 миллиард веб бет ашылады; Іздеу сұраныстарын автоматты түрде аяқтау функциясының...


  • +1

Windows 10 Rollback бағдарламасы Windows 10-нан Windows 7,8 немесе 8.1 нұсқасына қайтуға мүмкіндік береді

Windows 10 жаңартылуы әркімнің жынына тиіп жүретіні бар. Ол ешкімнен сұрамай кейде өзі жаңартылып кететінін айтсақ, көпшіліктің төбесі тік тұрады. Егер байқамай Windows 7 жүйеңізді 10-нұсқаға жаңартып алсаңыз не істеуге болады? Оның да шешімі бар. Арнайы бағдарлама арқылы, қауіпсіз, файлдарды жоғалтпай ескі нұсқаға қайтуға болады. Ескі нұсқаға қайтудың ең қарапайым тәсілі ол NeoSmart Technologies жасаған Windows 10 Rollback...


  • +1

Хакерлер Wordpress және Joomla-жасалған сайттарды шабуылдап жатыр

Киберзаңбұзушылар Wordpress және Joomla негізінде жұмыс жасайтын сайттарға жасанды скрипттарды енгізу мақсатында шабуылдар жасап жатыр. Хакерлер негізінен ең кең таралған Jquery кітапханасын өздерінің кодтарын сайтқа ендіру үшін кеңінен пайдалануда. Avast антивирусы мамандарының айтуы бойынша соңғы кездегі ең көп таралған жасанды скрипт ол jquery негізінде. Хакерлер жасанды кітапхананы енгізу арқылы сайттарды өз мақсаттарында...


  • +3

Қазақстанда iPhone-ға бағдарламалар жазу жазғы науқаны өткізіледі

30 мамыр күні Алматы қаласында iPhone-ға бағдарлама жазуға арналған nFactorial Incubator жазғы жобасы басталады. Инкубатордың мақсаты — 12 апта ішінде AppStore-да 50 қазақстандық мобильді бағдарламаларды шығару. Бағдарламалар батыстың B2C және қазақстанның B2B аудиториясына бағытталған. Мектеп үш модульді біріктіреді: бағдарламалау, дизайн және бизнес. «Бір жыл өтіп біздің жазғы мектебіміз қайта оралып жатыр. nFactorial Incubator...


  • +1

WhatsApp жаңа мүмкіндіктері: мәтін форматтау және хабарлама терезесінен жауап беру

WhatsApp бағдарламалаушылары қол қусырып отқан жоқ, оған дәлел жақында пайда болатын жаңа мүмкіндіктер тізімі . Сол мүмкіндіктердің ішіндегі ең көзге көрінгендері: мәтінді форматтау және хабарлама терезесінен жауап беру мүмкіндігі. 2.12.560 бета-нұсқасында хабарлама пайда болған тұста, оған шертіп жауап беру мүмкіндігі пайда болды. Хабарлама пайда болған кезде оның астында Reply батырмасы бар. Ол батырманы басқан кезде жауап беру...


  • +1

Mail.ru компаниясы ICQ бағдарламасының кодын ашық деп жариялады

Корпорацияның ресми сайтындағы жаңалыққа қарағанда, ICQ бағдарламасы QT тілінде толығымен қайта жазылып шыққан, соған байланысты оның коды GitHub сайтында жарияланды. Бұдан алдын да кодты ашық деп жариялауға әрекет жасалып ол сәтсіз аяқталған. Ол кезде кодтармен бірге Sparkle құпия кілттері де жарияланып жіберілген. Енді ол олқылықтар түзетіліп, керек десеңіз Windows үшін клиентті қазірдің өзінде жүктеп алуға болады....


  • +1

Microsoft компаниясы SQL Server бағдарламасының Linux-қа арналған нұсқасы шығатындығын жариялады

Microsoft компаниясы SQL Server деректер қорын басқару жүйесінің Linux платформасында да қол жетімді болатындығын жариялады . Қазіргі кезде бағдарламаның тексеруге арналған нұсқасы дайын. 2017 жылдың ортасына дейін Linux үшін арналған нұсқада барлық SQL Server мүмкіндіктері болады деп күтілуде Red Hat компаниясы президенті Пол Кормье және Canonical компаниясының негізін салушы Марк Шаттлворт Microsoft-тың бұл әрекетін оң бағалап...


  • 0

Summer of Code 2016 науқанына қатысатын жобалар тізімі жасалды

Google компаниясы Summer of Code 2016 науқанына қатысатын жобалар тізімін бекіткенін жариялады. Жалпы қатысуға 369 ашық жобалар сұраныс берген одан 180 жоба таңдап алынған. Олардың ішіндегі 24%-ы алдын соңды қатыспаған жаңа жобалар. 14 наурызға дейін студенттерде жобаларды қарап шығу және тапсырмаларды орындау туралы жоба жетекшілерімен ақылдасу мүмкіндіктері бар. Студенттерден сұраныс 25 наурызға дейін қабылданады. 25 сәуірге...


  • +1

Microsoft Xamarin компаниясын сатып алды

Бүгін Microsoft компаниясында бұлттық технологиялар бойынша бөлімнің вице-президенті Скотт Гатри (Scott Guthrie), өз блогында компанияның Xamarin компаниясын сатып алғанын жариялады . Xamarin кросс-платформалы мобильді бағдарламалар жазу құралын жасаумен айналысатын компания. Компанияның 120 елде 15 мыңдай клиенті, 1,3 миллион бағдарламалаушылары бар. Ол бұдан алдын да бірнеше рет Microsoft компаниясымен серіктесіп жобалар...


  • +1