Windows 10 Rollback бағдарламасы Windows 10-нан Windows 7,8 немесе 8.1 нұсқасына қайтуға мүмкіндік береді

Windows 10 жаңартылуы әркімнің жынына тиіп жүретіні бар. Ол ешкімнен сұрамай кейде өзі жаңартылып кететінін айтсақ, көпшіліктің төбесі тік тұрады. Егер байқамай Windows 7 жүйеңізді 10-нұсқаға жаңартып алсаңыз не істеуге болады? Оның да шешімі бар. Арнайы бағдарлама арқылы, қауіпсіз, файлдарды жоғалтпай ескі нұсқаға қайтуға болады.



Ескі нұсқаға қайтудың ең қарапайым тәсілі ол NeoSmart Technologies жасаған Windows 10 Rollback бағдарламасы.

Келесі іс әрекеттерді орындау қажет:

Алдымен Windows 10 Rollback Utility бағдарламасын жүктеп алып, оны жүктелетін етіп флешкаға немесе дискке басу қажет. Компьютерді өшіріп, осы флешка немесе диск арқылы жүктелеміз. Қосылған соң бағдарлама компьютерді сканерлеп, қандай нұсқаға қайтуға мүмкін екендігін көрсетеді.



Қажет нұсқаны таңдап, қабылдау батырмасын басып, компьютерді өшіріп қосыңыз. Болды бар іс-әрекет осы.

Windows 10 Rollback Utility қолданылуы өте қарапайым. Бірақ мүмкіндіктері осымен шектеліп қалмайды. Ол нұсқаны артқа қайтарумен бірге Windows 10-ға жаңартуды бұғаттап тастай алады.



Егер ескі нұсқаға қайту кезінде пікіріңізден қайтып қалсаңыз, бағдарлама жұмысын тоқтатып тастаңыз. Ол 100% қауіпсіз.

Мына мақала негізінде жазылды.

  • +1
1 пікір
droidtar
Рахмет. Біреу-міреуге пайдасы тиер.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.