Mail.ru компаниясы ICQ бағдарламасының кодын ашық деп жариялады
Корпорацияның ресми сайтындағы жаңалыққа қарағанда, ICQ бағдарламасы QT тілінде толығымен қайта жазылып шыққан, соған байланысты оның коды GitHub сайтында жарияланды.
Бұдан алдын да кодты ашық деп жариялауға әрекет жасалып ол сәтсіз аяқталған. Ол кезде кодтармен бірге Sparkle құпия кілттері де жарияланып жіберілген.
Енді ол олқылықтар түзетіліп, керек десеңіз Windows үшін клиентті қазірдің өзінде жүктеп алуға болады. OS X және ICQ үшін арналған нұсқалары жақын арада шығады. QT тілінде жазылғандықтан ол ешқандай қиындық тудырмайды.
Бірақ репозиторийда тек қана бір ғана коммит бар. Соған қарағанда бағдарламаны жазу github сайтында жүргізілмейді, ол тек соңғы нұсқаны жариялап отыру үшін ғана керек. Сонда да pull request немесе issue үшін қандай да болсын жауаптар болады деп үміттенеміз.
Өкінішке орай VOIP модулі жабық күйінде қалды және оны жеке библиотека ретінде орнату қажет.
Түпнұсқа.
-
+1