WhatsApp енді Mac және Windows жүйелері үшін арнайы бағдарламасын шығарды



Компания осыдан 16 ай бұрын мессенджерді веб арқылы пайдалануға болатындай етіп жасап еді. Енді Mac және Windows пайдаланушылары месенджерді арнайы жеке бағдарлама арқылы пайдалана алады. Бағдарламалар Windows 8 және одан жаңаларына, Mac OS X 10.9 (Mavericks) және одан жаңаларына қолжетімді.

Десктоп нұсқасы Android және iOS үшінгі бағдарламалардың барлық мүмкіндіктерін қамтитын болады. Өз аккаунтыңызға қосылу үшін QR кодты сканерлеуіңіз қажет. Яғни веб нұсқада қандай болса мұнда да сондай. Телефоныңыз интернетке қосулы болуы қажет. Егер олай болмаса десктоп нұсқаға қосыла алмайсыз. Веб нұсқада да солай екенін айта кетейік.

Десктоп нұсқаның артықшылығы: жүйенің ескертулер мүмкіндігін пайдалана алу, пернетақтаның бар мүмкіндігін пайдала алу мүмкіндігі және т.б.

  • +2
1 пікір
Ereke17
Бағдарламаларын өте жақсы!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.