Microsoft компаниясы SQL Server бағдарламасының Linux-қа арналған нұсқасы шығатындығын жариялады



Microsoft компаниясы SQL Server деректер қорын басқару жүйесінің Linux платформасында да қол жетімді болатындығын жариялады. Қазіргі кезде бағдарламаның тексеруге арналған нұсқасы дайын. 2017 жылдың ортасына дейін Linux үшін арналған нұсқада барлық SQL Server мүмкіндіктері болады деп күтілуде

Red Hat компаниясы президенті Пол Кормье және Canonical компаниясының негізін салушы Марк Шаттлворт Microsoft-тың бұл әрекетін оң бағалап құптап отыр. Олардың ойынша ірі гиганттың Linux жүйесіне деген қызығушылығы операциялық жүйеге салынатын инвестицияларды көбейтуі мүмкін.

SQL Server деректер қорын басқару жүйесі ғана емес, мәліметтерді басқару, бизнес-аналитика және ақылды бағдарламалар жасау үшін де қолданылатын бағдарлама. Осындай әрекет арқылы Microsoft өз нарығын кеңейте алады.

  • 0
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.