Хакерлер Wordpress және Joomla-жасалған сайттарды шабуылдап жатыр
- amantai
- Ақпараттық қауіпсіздік / 4 сәуір 2016, 23:50
- 1490
Киберзаңбұзушылар Wordpress және Joomla негізінде жұмыс жасайтын сайттарға жасанды скрипттарды енгізу мақсатында шабуылдар жасап жатыр.
Хакерлер негізінен ең кең таралған Jquery кітапханасын өздерінің кодтарын сайтқа ендіру үшін кеңінен пайдалануда. Avast антивирусы мамандарының айтуы бойынша соңғы кездегі ең көп таралған жасанды скрипт ол jquery негізінде. Хакерлер жасанды кітапхананы енгізу арқылы сайттарды өз мақсаттарында қолдана алады.
Зерттеушілердің айтуы бойынша жасанды скрипттар барлығы 70 млн файлдарда табылған. 2015 жылдың қараша айынан бастап жалпы 4,5 млн пайдаланушы шабуылдан зиян шеккен.
Жасанды скрипт арқылы код ендіру SEO мақсатында пайдаланылады. Яғни сіздің сайтыңыздан басқа да домендерге сұраныстар кетіп тұрады. Соның арқасында олар түрлі рекламалар және сондай SEO әдісті сату арқылы ақша тауып жатыр.
Веб бағдарламалаушылар жиі сайттарының файлдарын сканерлеп тұруы қажет. Сонымен қатар Wordpress және Joomla-ның жаңа нұсқаларына шыққан бойда жылдам жаңартып отырулары қажет. Егер ондай іс әрекеттер болмаса сайттың бұзылғандығын бірнеше айдан кейін бірақ байқауыңыз мүмкін.
Дереккөз.
-
+3