Summer of Code 2016 науқанына қатысатын жобалар тізімі жасалды
Google компаниясы Summer of Code 2016 науқанына қатысатын жобалар тізімін бекіткенін жариялады. Жалпы қатысуға 369 ашық жобалар сұраныс берген одан 180 жоба таңдап алынған. Олардың ішіндегі 24%-ы алдын соңды қатыспаған жаңа жобалар.
14 наурызға дейін студенттерде жобаларды қарап шығу және тапсырмаларды орындау туралы жоба жетекшілерімен ақылдасу мүмкіндіктері бар. Студенттерден сұраныс 25 наурызға дейін қабылданады. 25 сәуірге дейін жоба жетекшілері жобаларға қатысатын студенттерді таңдайды. Кейін 23 наурызға дейін студенттерге кеңес беру мен оларды жұмысқа дайындау жұмыстары жүргізіледі. 23 наурыздан 23 тамызға дейін студенттерге тапсырманы орындау үшін уақыт беріледі. 30 тамызға дейін жалпы осы жылғы науқанның нәтижесі жарияланады. Тапсырманы сәтті орындаған студенттер $5500 ақшалай сыйақы алады, ал олардың жетекшілері болса $500.
Summer of Code 2016 қатысушылар арасынан келесі жобаларды ерекше атап өтуге болады: Apache, Fedora, Blender, CoreBoot, Debian, Django, Drupal, FFmpeg, FreeBSD, Gentoo, Git, GNOME,
GNU, GNU Radio, Inkscape, Joomla!, KDE, Kolibri OS, LibreOffice, Linux Foundation, LLVM, MariaDB, Mozilla, openSUSE, Nmap, Python, ReactOS, QEMU, Ruby, NetBSD, Tor, Wayland, Wine, WikiMedia, VLC, X.Org.
Өкінішке орай келесі жобалар таңдаудан тыс қалды: OpenWall, DragonFly BSD, GIMP, Minix3, Tcl/Tk, PulseAudio, Illumos, XBMC, Xen, WordPress, TYPO3, GCC, Haiku, Mercurial, Mono, OpenBSD, Plan9, Perl, PostgreSQL, Samba.
-
+1