Microsoft Xamarin компаниясын сатып алды



Бүгін Microsoft компаниясында бұлттық технологиялар бойынша бөлімнің вице-президенті Скотт Гатри (Scott Guthrie), өз блогында компанияның Xamarin компаниясын сатып алғанын жариялады.

Xamarin кросс-платформалы мобильді бағдарламалар жазу құралын жасаумен айналысатын компания. Компанияның 120 елде 15 мыңдай клиенті, 1,3 миллион бағдарламалаушылары бар. Ол бұдан алдын да бірнеше рет Microsoft компаниясымен серіктесіп жобалар жасаған болатын: Visual Studio-мен интеграция, Azure, Office 365 т.с.с. Microsoft енді осы сатып алу арқылы осы интеграцияларды ары қарай дамытпақшы.

Еске сала кетсек Xamarin iOS, Android және Windows Phone үшін C# тілінде мобильді бағдарлама жазуға мүмкіндік беретін құралды жасайды. Сіз өзіңізге ұнаған тілде, сол тілдің бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып бағдарлама жазасыз, бірақ сізге әр платформаға қажетті SDK-лар толығымен қолжетімді болады.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.