Қазақстанда iPhone-ға бағдарламалар жазу жазғы науқаны өткізіледі

30 мамыр күні Алматы қаласында iPhone-ға бағдарлама жазуға арналған nFactorial Incubator жазғы жобасы басталады. Инкубатордың мақсаты — 12 апта ішінде AppStore-да 50 қазақстандық мобильді бағдарламаларды шығару. Бағдарламалар батыстың B2C және қазақстанның B2B аудиториясына бағытталған. Мектеп үш модульді біріктіреді: бағдарламалау, дизайн және бизнес.



«Бір жыл өтіп біздің жазғы мектебіміз қайта оралып жатыр. nFactorial Incubator аясында сіз 12 апта ішінде iPhone-бағдарламаңызды жазып AppStore-ға жібере аласыз. Ментор ретінде еліміздің жетік iOS бағдарламалаушылары, әлемнің алдыңғы орындарындағы университеттерінің түлектері, ACM ICPC олимпиадасында финалға қатысқандар, IOI 2007 информатика олимпиадасында алтын иегерлері болады.» — дейді Арман Сүлейменов.

Бірінші аптада танымал бағдарламалардың көшірмесін жасау арқылы қатысушылар Swift және дизайн негіздерін үйренеді. Кейін 8 апта бойы өз бағдарламаларын жазумен айналысады.

Қатысу үшін сұранысты n17r.com сайтында 29 сәуір күніне дейін жібере аласыз. Жеке өзіңіз немесе команда құрамында қатыса аласыз.

Дереккөз.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.