WhatsApp жаңа мүмкіндіктері: мәтін форматтау және хабарлама терезесінен жауап беру



WhatsApp бағдарламалаушылары қол қусырып отқан жоқ, оған дәлел жақында пайда болатын жаңа мүмкіндіктер тізімі. Сол мүмкіндіктердің ішіндегі ең көзге көрінгендері: мәтінді форматтау және хабарлама терезесінен жауап беру мүмкіндігі.

2.12.560 бета-нұсқасында хабарлама пайда болған тұста, оған шертіп жауап беру мүмкіндігі пайда болды. Хабарлама пайда болған кезде оның астында Reply батырмасы бар. Ол батырманы басқан кезде жауап беру терезесі ашылады.





Профиль суретіне ұзақ басу арқылы қосымша іс-әрекеттер терезесін ашуға болады. Бұл әрекет мысалы бірнеше контактіге бір әрекет қолдану үшін керек болуы мүмкін. Мысалыға, бірнеше контактілер мен топтарды таңдап барлық хаттарды оқылған етіп қоя аласыз.



Осыларға қоса мәтінді форматтау мүмкіндігі бар. Мәтінді ерекшелеу арқылы оны қалың қаріп, қиғаш қәріп, сызылған етіп көрсете аласыз. Әрине, бірнеше форматтауды қатар қолдануға болады.

Қалың қаріп қолдану үшін сөздің *алдынан және соңынан* жұлдызша белгісін қою қажет. Қиғаш қаріп үшін _, ал сызылған қаріп үшін ~ (тильда) пайдаланылады.

Қазірге жаңа мүмкіндіктер тек бета-нұсқада қолжетімді. Ол нұсқаны алу үшін мессенджердің бета тестілеу бағдарламасының қатысушысы болуыңыз қажет. Немесе apk файлын жүктеп алып орнатсаңыз да болады.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.