Google компаниясы Google Photos сервисінің API-ін ашық деп жариялады

Кеше Google компаниясы Cloud Vision API ашық екенін жариялады. API Google Photos сервисінде пайдаланылады. Яғни, оның көмегімен суреттерді анализ жасап объектілер мен эмоцияларды тануға болады. Cloud Vision API негізгі қызметтері ол суреттен әр түрлі объектілерді (ғимараттар, машиналар, кемелер және т.с.с) тану және оларды топтарға бөлу. Онымен қоса құралдың көмегімен адамдардың эмоцияларын, түрлі логотиптерді де анализ жасауға болады....


  • +1

Қытайлықтар Ubuntu-смартфонын таныстырды

Қытайдың Meizu компаниясы ubuntu жүйесіне негізделге смартфонын таныстырды. Оны қазіргі кездегі ең мықты Ubuntu смартфон десек жаңылыспаймыз. Canonical компаниясымен бірігіп жасалған смартфон Meizu Pro 5 Ubuntu Edition деп аталады. Бұл құрылғы Ubuntu Touch қойылған бесінші смартфон. Осы жылы Ubuntu жүйесінде көптеген телефондар мен планшеттер шығады деп күтіліп жатыр. Meizu Pro 5 Ubuntu Edition смартфоны сегізядролы Samsung...


  • +1

Google Picasa фотосервисінің жақын арада жабылатындығын жариялады

Google мамандарының айтуы бойынша Picasa фотосервисінің жабылуы туралы сұрақ Google Photos іске қосылғаннан пайда болған. Google Photos — фотоларды өңдеуге және сақтауға арналған бұлттық сервис және де ол Android жүйесінде кіріктірілген күйде пайдаланылады. Компания сервисті жабу арқылы барлық күшті тек бір ғана сервиске жұмсамақшы екендігін білдірді. Picasa ақырындап жабылатын болады, ал пайдаланушыларға Google Photos сервисіне...


  • +1

iOS жүйесіндегі баг: уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына қою, телефонды жарамсыз күйге келтіреді

Reddit сайтында Iphone телефонын мүлдем жұмыс істемейтін күйге әкелу әдісі туралы мақала пайда болды. Егер телефондағы уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына қоятын болсақ, телефон мүлдем жарамсыз күйге келеді. Ескерту! Келесі әрекеттерді орындамаңыз! Қателікті келесі түрде көруге болады: 1. Баптаулар (Settings) -> Негізгі баптаулар (General) -> Уақыт баптаулары (Date && Time) 2. «Автоматты түрде» (Set Automatically)...


  • +1

Amazon жаңа Lumberyard тегін ойын жасау құралын таныстырды

9 ақпан күні Amazon өзінің Lumberyard 3D ойын жасауға арналған құралын таныстырды. Құрал толығымен тегін және кез-келген адам жүктеп ала алады. Олар жаңа құрал Amazon Web Services және видео стримингке арналған Twitch жүйелерімен толығымен интеграцияланады деп уәде беруде. Lumberyard CryEngine негізінде жазылған, ойындар C++ тілінде жазылады. Қазіргі кезде онда PC, Xbox One, PlayStation 4 үшін ойындар жазу мүмкіндігі бар, болашақта iOS және...


  • +1

Қытай инвесторлары Opera Software компаниясын $1,2 млрд-қа сатып алуда

Opera Software, осындай атпен белгілі танымал браузерді жасаушы компаниясына, қытай инвесторларынан 100% акцияларын сату туралы ұсыныс түсті. Жалпы ұсыныс бағасы — $1,2 млрд. Ұсынысты жасаған Golden Brick фонды. Осы фондқа жақында $9,3 млрд-қа сатып алынған Qihoo 360 Software компаниясы, ойын жасаушы Kunlun және Yonglian компаниясы тиесілі. Бұл ұсыныс — Opera директорлар кеңесінің "әр түрлі стратегиялық мүмкіндікдерді"...


  • +1

Google Қауіпсіз интернет күнінің құрметіне 2Гб бос орын сиға тартады

Бүкіләлемдік қауіпсіз интернет күнінің құрметіне (кеше, 8 ақпан) Google барлық пайдаланушыларға Google Drive -да 2Гб бос орын сыйға тартады. Ол сыйлықты алу үшін тек қауіпсіздік тексеруін жасасаңыз болғаны. Осындай акция өткен жылы да болған еді. Сондықтан жыл сайын осылай бос орынды 2Гб орынға үлкейтуге болады. Қауіпсіздік өте қарапайым және 5 қадамнан тұрады. Тексеру барысында телефон номері, қосымша email, қосылған...


  • +2

MaruOS жүйесі смартфоныңызды Linux десктоп жүйеге айналдырады

Заманауи смартфондар қазірдің өзінде көптеген офистік бағдарламалар, браузерлер, қосымша құралдарды іске қоса алатындай қуатты. Бірақ смартфондарға жазылатын көптеген бағдарламалар тек смартфондарда ғана қолжетімді. Егер солай болса онда смартфонға монитор мен пернетақта жалғасақ не болады? Бұл ой жаңа емес, бірақ мұндай ойды сәтті түрде іске асыру әлі ешкімнің қолынан келген жоқ. Мысалыға, Microsoft компаниясы Continuum жобасымен...


  • +2

Oracle браузерлер үшін арналған Java-қосымшасын қолдауды тоқтатады

Oracle компаниясы Java SE бағдарламасының браузерлік қосымшасын қолдауды, жазуды және пайдаланушыға жеткізуді тоқтатады. Oracle JDK 9 (2017 жылдың 23 наурызында шығатын) нұсқадан бастап қосымша ескірген технологиялар қатарына өткізіледі және одан кейінгі JDK/JRE құрамынан өшірілетін болады. Компания бағдарламалаушыларға Java апплеттерді браузерде тікелей емес Java Web Start арқылы пайдалануға кеңес беріп жатыр. Ол технология апплеттерді іске...


  • +2

Microsoft табысы 15%-ға құлады

Microsoft компаниясының тоқсандық табысы 15%-ға құлады. Бірақ бұл көрсеткіш Уолл-стрит болжамынан жоғары болып шықты. Сондықтан да 28 қаңтар күнгі қосымша сауда кезінде компания акциясы 3%-ға қымбаттаған. 2016 қаржы жылының екінші тоқсанының нәтижесі бойынша (жай календарь бойынша 2015 жылдың төртінші тоқсаны) Microsoft компаниясының таза табысы %5 млрд болды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 15% кем ($5.86 млрд). Microsoft...


  • +2