IT-жаңалықтар

20 оқырман, 61 жазба
0.00

Қазақстандағы және шетелдегі IT тақырыбындағы жаңалықтар

Жасалған уақыты
24 қазан 2014
Жазба
61
Жазылған адам саны
20
Рейтингі
0.00
Администраторлар (1):
avatar @kamyrov

Модераторлар (0):
Модераторлар бұл жерде көрінбейді

Facebook интернет жеткізуге арналған дрондарды Ұлыбританияда сәтті сынақтан өткізді

Әлеуметтік желі планетаның шеткі бөліктеріне интернетті қолжетімді ету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. Facebook басшысы Марк Цукерберг күн энергиясымен жұмыс жасайтын дрондардың Ұлыбританияда сәтті сынақтан өткізілгенін хабарлады. Интернетті қолжетімді ету үшін дрондар лазерлік сәулені пайдаланады. «Бүкіл әлемді интернетке қосу бойынша Internet.org жобасының аясында біз ұшқышсыз ұшатын аппараттар жасап шығардық. Олар...


  • +4

Facebook өзінің месенджерінде ақша аудару мүмкіндігін қосты

Facebook ақша аудару қызметінің іске қосылғандығын жариялады. Бұл жаңа мүмкіндік iOS, Android және веб бағдарламада қосылған. Бірінші айда ақшаны тек АҚШ азаматтары ғана аударым жасай алады. Компания өкілдерінің айтуы бойынша бұл қызмет түрі тегін. Оны пайдалану үшін месенджерде хат жазуды бастап доллар белгішесін басып, қажет соманы теріп, «Төлеу» батырмасын басу қажет. Одан кейін картаңыздың мәліметтерін енгізсеңіз жеткілікті...


  • +1

Apple алғаш рет бір тоқсанда сатылған смартфондар саны бойынша Samsung компаниясынан озды

Gartner агенттігі 2014 жылдың төртінші тоқсанындағы дүние жүзі бойынша смартфондар сатылымының есебін жариялады. Тарихта алғаш рет Apple осы бағытта Samsung компаниясынан озған. Ол 75 миллион құрылғы сатып, нарықтың 20%-ын қамтыды. Өз кезегінде Корея компаниясы 73 миллион құрылғы сатқан. Салыстыру үшін бір жыл алдын Samsung 83 млн құрылғы, Apple — 50 млн құрылғы сатқан болатын. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Samsung нарықтағы 10...


  • +1

Samsung Apple Pay төлем жүйесінің аналогы LoopPay жүйесін сатып алды

Samsung корпорациясы Apple Pay төлем жүйесінің аналогы LoopPay жүйесін жасайтын компанияны сатып алды. Бұл туралы екі компания да ресми түрде хабарлады. LoopPay арнайы құрылғыдан және iOS пен Android жүйелеріне арналған бағдарламалардан тұрады. Пайдаланушы жүйеге өзінің төлем картасын байланыстыра алады, одан соң магазиндерде карта өткізетін жерден өзінің телефонын өткізу арқылы төлем жасай алады. LoopPay жасаушыларының айтуы бойынша...


  • +2

14 ақпан - компьютерщиктер күні!!!

Салем досым!!! Бүгін қандай мереке тойлап жатырсың? Бүгін компьютерщиктер күні екенін білесің ба? Яғни, біздің мейрам. 14 ақпан — ресми емес мейрам. Бұл күні алғаш рет шынайы жұмыс жасайтын ENIAC I (Electrical Numerical Integrator And Calculator) компьютері жұртшылыққа таныстырылған болатын. Оның құрастырылуы америка әскерилері қаржылық көмек көрсеткен, ол негізінен есептеулер жүргізуге, жобалауға және бағдарламалауға...


  • +4

Смартфондар нарығындағы алынған пайданың 93 % Apple компаниясына тиесілі

Жаңа iPhone 6 және iPhone 6 Plus телефондарының арқасында Apple смартфондар нарығында алатын пайдасын өсіре алды. Ал негізгі бәсекелесі Samsung, керісінше, өзінің орнын қатты жоғалтып алды. Канаданың инвестициялық Canaccord Genuity компаниясының бағалауы бойынша 2014 жылдың төртінші кварталындағы смартфондар нарығындағы жалпы түсім $20,9 млрд болған, оның $19,4 млрд бөлігі (93 %) Apple компаниясына тиесілі. Samsung компаниясының...


  • +2

Туылған күніңмен, Facebook!

Thefacebok сайты 2004 жылы 4 ақпанда ашылған болатын. Бірақ, сайт басында тек Гарвард университетінің студенттеріне ғана қолжетімді болды. Он жыл ішінде сайт артикльді алып тастады, аудиториясы айына 1,366 миллиард қолданушы болды, ал Марк Цукерберг 23 жасында жер шарындағы ең жас миллиардер атанды. Марк Цукерберг 2003 жылы екінші курста Facemash сайтын ашты. Сайтта қолданушылар екі адамның қайсысы сұлу екенін таңдау керек болатын....


  • +1

Google, Amazon, Microsoft және Taboola компаниялары AdBlock Plus браузер қосымшасымен келісімшарт жасады

Financial Times баспасының хабарлауынша Google, Amazon, Microsoft және Taboola компаниялары AdBlock Plus браузер қосымшасымен келісімшарт жасады. Келісімшарт бойынша осы компаниялардың жарнамалық желілері қосымшаның «ақ тізіміне» қосылады. «Ақ тізім» деп аталатын тізімде, көрсетуге болатын жарнамалар болады. Ол жарнамалар үнсіз келісім бойынша пайдаланушыға көрсетіледі. Егер пайдаланушы оларды да көргісі келмесе арнайы баптау...


  • +2

Google Earth Pro енді тегін. Жылына $400 үнемдеңіз

Google Earth Pro бағдарламасын енді кез-келген адам тегін пайдалана алады. Ол үшін алдымен тегін тестілеуге арналған форманы толтырып жіберу және клиенттік бағдарламаны жүктеп алуыңыз қажет. Бағдарламада «free trial» деп жазылып тұруына қарамай, бағдарлама ешқандай лицензия немесе ақша төлеу туралы ештеңе сұрамайды. Бағдарламаның ақылы қызметін пайдаланатын пайдаланушылардың саны өте кем болғандығы үшін шығар, интернет алып,...


  • +1

WhatsApp телефон соғу қызметін қосып жатыр

WhatsApp көптен күтілген телефон соғу қызметін қосып жатыр. Бұл қызмет түрімен Интернет арқылы Skype немесе Viber сияқты дыбыстық қоңырау шалуға және достарыңызбен сөйлесуге болады. Дыбыстық қоңырау шалу қызметі іске қосыла бастады, бірақ бірінші кезекте тек Android жүйесінің пайдаланушылары үшін. Кеше кешке жаңа функцияның бірнеше скриншоттары Reddit сайтында пайда болды. Онда айтылуынша пайдаланушылар телефон белгісін басу арқылы...


  • +2