Google, Amazon, Microsoft және Taboola компаниялары AdBlock Plus браузер қосымшасымен келісімшарт жасады



Financial Times баспасының хабарлауынша Google, Amazon, Microsoft және Taboola компаниялары AdBlock Plus браузер қосымшасымен келісімшарт жасады. Келісімшарт бойынша осы компаниялардың жарнамалық желілері қосымшаның «ақ тізіміне» қосылады.

«Ақ тізім» деп аталатын тізімде, көрсетуге болатын жарнамалар болады. Ол жарнамалар үнсіз келісім бойынша пайдаланушыға көрсетіледі. Егер пайдаланушы оларды да көргісі келмесе арнайы баптау арқылы тізімді өшіре алады.

AdBlock Plus қосымшасы веб беттердегі жарнамаларды жасырып пайдаланушыға көрсетпеуге арналған. Осылай пайдаланушы жарнамаларға назары аумай, өзіне қажет мәліметтерді тез таба алады. Бұл өз кезегінде жарнамадан ақша табатын сайттар мен компанияларға зиянын тигізеді. Қазіргі кезде бұл қосымша 300 миллионнан артық жүктеліп алынған. Негізінен, қосымша видео рекламаларды, flash банерлерді, керек десеңіз Facebook пен YouTube сайттарындағы рекламаларды жасырып көрсетпей тастай алады.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.